Саят Медеуов концерт бергелі жатыр

Саят Медеуов концерт бергелі жатыр

Жыл сайын жеке концерт беретіндер көп, ал Саят Медеуов ол топқа мүлдем қосылмайды. Үлкен сахнаға шамамен 1998 жылдары келген әнші өзінің алғашқы концертін әбден дайындығы пісіп жетілген соң бір-ақ бергенін білеміз. Одан бері де он жыл өтіп кетіпті. Шыны керек, жұрт әншінің әндеріне шөліркеп, аңсайтындай халге жетті.

Олай болса, сүйінші, сәуірдің 19-ы күні сағат 18.00-де Республика сарайында Саят Медеуовтің ән кеші өтеді. Аты затына сай, «Өзіңді аңсап...» деп аталады. Онжылдық есеп кешіне келетін қонақтар да әншінің өзі сияқты сахнаға жиі шыға бермейтін, ел-жұртқа аса қадірлі Тоқтар Серік, Досымжан Таңатаров, Ақбота Керімбекова секілді әншілер мен «Қоңыр» этно тобы.

Бірінші белес – «Бозторғай»...

Жалпы, Саят Медеуов десе, таң алагеуімдеп атқан шақтағы бозторғай шырылы құлағымызға қ келеді. Неге десеңіз, ең алғаш әнші сахнаға Кенен Әзірбаевтың «Бозторғай» әнімен шыққан болатын. Көзіқарақты көрерменнің әлі есінде шығар. Сол ән қалай туды, жалпы киелі сахнаға алғаш қалай шыққаны жайлы ағамыз былай дейді:
– Қандай әнші болмасын, «алғаш үлкен сахнаға қандай әнмен шықсам екен, менің бағымды ашатын қандай ән?» деген кезеңді бастан өткереді. Мен өзі Кенен Әзірбаевтай ән дүлдүлінің топырағында туып өскен баламын. Ырымшыл халықпыз ғой, екі жасымда әке-шешем атаның алдына отырғызып, орнына бір аунатып алса керек. Бойымда әншіліктің ұшқыны болса, содан ба екен деп қоямын кейде. Не керек, әйтеуір ә дегенде Кенекемнің әндерінен бастауды ұйғарып, «Бозторғайды» белгілі сазгер Бағлан Омаровқа апарып, әрлеуге бердім. Өзім іштей сол әнге дайындалып жүрмін. Бірақ неге екені, жеті ай бойына ән шықпай қойды. Мазасызданып бара беремін ғой, Бәкең «әйтеуір бір нәрсесі кем, бір нәрсе жетпей тұр» дейді де қайтарады. Бұл ол кісінің әнге деген жанашырлығы, атүсті қарап, қалай болса солай шығара салғысы келмейтіндігінен ғой. Бірақ сонша ұзақ созылып кеткенге, бір түрлі тауым шағылып, «мүмкін, осы әнді қоя салсам ба екен...» деп күйзеліске түсіп кеттім, шыны керек. Бір күні түс көріппін. Аппақ сақалды қария қолтығымнан демеп, мені өзім тұратын жатақхананың есігінен кіргізіп жіберіпті. Әсіресе арқамнан қағып кеткені маған сондай керемет әсер етіп, ояна сала «мені түбі көгертетін осы Кенекемнің әндері екен» деген сенім пайда болды. Сол сенім, сол сезіммен тура студияға кіріп бардым да, «Бәке, әннің басын сыбызғыдан бастайық, тура бозторғайдың шырылындай» дедім. Солай етіп едік, жеті ай бойы шықпаған ән, бір-ақ түнде дайын болды».

Екінші белес – Есенқұл Жақыпбеков

Хитқа қызмет етпейтін әншілер сирек. Саят Медеуовті елі сол сиректердің қатарынан болғаны үшін сүйеді. Әнші ең бірінші әннің мазмұнына,сосын әуенімен үйлесімділігіне мән береді. Соған сай өзі де талмай еңбектеніп, туындыны тек піскенде ғана елге ұсынады. Соның өзінде «міне, мен хит ән шығардым» деп дандайсыған кезі жоқ, керісінше үнемі «бір қайнауы кем болған жоқ па?..» деп өзіне сын көзбен қараудан танбайды. Міне, Саят Медеуов әндерінің жүрек түбіндегі ұйықтап жатқан сезімдерді ояту құпиясы осында... Ал, Есенқұл Жақыпбектей ақын ағасы мен сазгер Жәкен Омаровтың «Өзіңді аңсап...» әні оған кездейсоқ ұшарасқан, бірақ сол бір кездейсоқтық осынша жақсы болар ма еді?! Яғни, әннің бағы ашылды, ән де әншінің репертуарындағы беткеұстар туындысына айналды.

Ұнарсың талай, бір көрген жанға ұнарсың,
Өмірде бірақ өзіме ғана сыңарсың... – деген жолдар, әрине тура мағынасында сүйген жүректің сыры, бірақ бейне осы ән мен әншінің өзіне де арналғандай... Бүгінде осы бір әнді өзгенің орындауында елестету қиын. Тіпті араға он жыл салып концерт өткізерде де әнші еш ойланбастан кеш атауын «Өзіңді аңсап...» деп қойды. Олай болса, сәуірдің жаймашуақ күндерінде Саят ағамыздың ән кешінде кездесейік! Алматы төрінен басталған концерт ару Астана, қала берді Қазақстанды түгел қамтып қалуы да әбден мүмкін. Бәрі де сіз бен біздің қолдауымыз бен құштарлығымызға байланысты.

Мәриям ӘБСАТТАР

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста