Роза Әлқожа бесіншісін босанды
Бейбарыс, Жанарыс, Еларыс атты үш арыс пен Ақбота сынды арудың анасы, қазақтың әнші қызы Роза Әлқожа дүниеге бесінші сәбиін алып келді.
Жұбайы Айдын Қаба екеуі де «Ақботамызға сіңілі керек» деп ниеттеніп жүрген еді. Жаратушы сол тілекті қабыл етсе керек. Жаңадан дүние есігін ашқан күл шашардың салмағы - 3 кг 850 грамм, бойы - 53 см.
Аналық қуанышымен алаштың аяулы қызы өзінің Фэйсбуктегі жеке парақшасында былай бөлісті: «Аллаға мың мадақ!!! Бүгін таңғы сағат 8-де менің гүлім жарық сәулені көрді. Елдің бата-тілегі деп білемін! Ниеттес жандардың баршасына Алла пана болсын!»
Қуаныш иелері шақалаққа әзірге қандай есім қоятындарын таңдау үстінде. Сіңлісіне ат қою мәртебесі әпкесі Ақботаға берілуі де ғажап емес. Нәрестенің бауы берік болсын!
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу