Ұятсыз клип түсіріп, көрерменнің ашуын шақырды деп хабарлайды КТК арнасы.
"Жұлдыз" атанып жүрген отандық топтардың бірі эротикалық бейнебаян түсіріп, эстрададағы әріптестерін ұятқа қалдырды.
Танымал "Домино" тобы мен Дерик Байназаровтың "Для тебя" әніне түсірілген бейнебаянда топ әншілері актрисамен ашықтан-ашық төсектес болып жатыр.
Клипте тәнін жалаңаштаған актрисаның есімі - Айсұлу Әзімбаева.
Сезімді "секспен" шатастырып алған олар көрпе үстінде бойжеткендерді тыр жалаңаш шешіндіріп көрсеткен.
Айта кету керек, бұл клиптегі кейіпкер Айсұлу Әзімбаева отандық фильмдерге түсіп үлгерген. Бүгінге дейін "Нико", "Препод" және "Асель, друзья и подруги" сериалында ойнады.