Қазақ эстрадасындағы сүйіктілерін жасыратын жұлдыздар

Қазақ эстрадасындағы сүйіктілерін жасыратын жұлдыздар
Күн сайын жұлдыздар инстаграмдағы парақшасында, арналардағы сұхбатында соңғы жаңалықтарымен бөліседі. Отбасында сәби дүниеге келгенін айтып  сүйінші  сұрайтындар да жетерлік. Бірақ арасында жеке өмірін құпия ұстап, мұны еш жерде айтпауды жөн көретін жұлдыздар бар. Кезекті материалымызды осы “Өмірлік серігімді жұртқа көрсеткім келмейді” дейтін жандарға арнаймыз.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

image

Қайрат Нұртас

Дәл қазір Қайрат Нұртастың шоу-бизнестегі жаңалықтарынан бұрын, жеке өміріне қатысты тың мәліметтерді халық асыға күтіп жүр. Үнемі отбасы туралы сұрақтан бас тартатын әнші “Дара жол” бағдарламасына келесі жолы келген кезде барлығын ашып айтып беруге уәде берді. Алайда интернет беттерінде жарының есімі Жұлдыз Әбдукаримова екені жазылған мақалалар әлдеқашан шығып қойған. Алау мен Сезім есімді қыздары мен Нарұл, Хан атты ұлдары бар. Тіпті бір кездері кешінің атын “Сезім” деп қойған болатын.

Dinara

Динара Сұлтан

“Отаныма дағдарыс болып жатса да ораламын” дейтін әнші жақында төрт баланың анасы атанып үлгерді. Дәл қазір сүйіктісінің жұмыс жағдайына байланыста Дубайда тұрады. Жұбайымен концерттердің бірінде танысқан. Бастапқыда бірден жақсы көрмегенін айтса да, қазір өзінің жалғыз сүйеніші екенін жасырмайды. Бірақ осы уақытқа дейін әлеуметтік желілерге сүйіктісінің суретін салып, оны көпшілікке көрсеткен емес.

4-22

Ділназ Ахмадиева

Әншінің сүйіктісімен ажырасқаны туралы жаңалықты халық өз аузынан естіді. Арада небәрі алты ай өтпей жатып сүйіктісі пайда болған. Әзірге жұмбақ жанның есімі кім екені белгісіз. Желі қолданушылары әншінің инстаграмындағы суретті көріп, жүрегін жаулаған жігіттің Нұрлан Әлімходжаев екенін жазған болатын.

charity_book_presentation_11

Аружан Саин

Қоғам қайраткері, “Шапағат” қайырымдылық қорының директоры, тележүргізуші әрі аяулы ана Аружан Саин да неге екені белгісіз көпшіліктен отбасын жасырады. Аружанның жары туралы тек сұхбаттарынан ғана білуге болады. Өзінің айтуынша, бұрын ұшқыш болған жұбайы Алейсей бизнеспен айналысады. Ұшқыштардың жалақысы аз болған соң аталған кәсіп түрімен айналысуына тура келіпті.

FOTo2xB5tRk

Әсел Сағатова

Әсел Сағатова сүйіктісін көпшілікке жиі көсетпесе де, ол туралы үнемі айтып жүреді. Оның жары – Радий Мұхамеджанов. Бұрын ұлттық қорғаныс комитетінде жұмыс істеген жұбайы қазіргі таңда бизнеспен айналысады. Сәнбике өзі бірден сүйіп кете алған адамды жолықтырғанына қуанышты.

image-61

Жәния Джуринская

Актриса өзі айтқандай, үйдің үлкені болған соң ер мінезді келеді. Ал бұл мінезінен сескенетін сүйіктісін көпшілікке көрсете бермейді. Той жақын күндерге жоспарланбаса да, үш жылдан бері қолұстасып жүрген сүйіктісінің отбасымен, алыс-жақын туысқандарымен танысып үлгерген.

14318605876068 (1)

Саягүл Оразғалиева

Актрисаның отбасылық өмірден түйгені көп. Өйткені бір рет тұрмыста болып, көп қиыншылық көрген. Тіпті ажырасқан соң да алиментке байланысты қиындықтар туған. Алайда дәл қазір Саягүлдің өмірінде сүйіктісі бар. Әзірге оның кім екенін белгісіз.

fWubIkB1U2g (1)

Баян Есентаева

Отасқандарына 20 жылдан астам уақыт болып, алғашқы он жылда үш рет ажырасуға бел буған продюсердің сүйіктісі туралы мәліметтер аз. Мерекелік іс-шараларда, тіпті инстаграмдағы парақшасында бірге түскен суреттері де жоқтың қасы. Жұбайының есімі Бақытбек Есентаев екені ғана белгілі.

лидо(2)

Лидо Досалина

Лидоның Руслан есімді жұбайы да бизнеспен айналысады. Әншіні оның өте ақылды екенін, балаларға ғана емес, өзіне қамқорлық таныта білетінін жиі ауызға алады. Мұнымен қатар, Лидо жұбайының нағыз ер азаматқа тән қасиеттердің иесі екенін айтады.

Moschino-14-03-20-23

Луина

Әнші еш уақытта, еш жерде өзінің жеке өмірі туралы тіс жарған емес. 20 жасында дәстүрлі той өткізуді армандаған әнші уақыт өте келе талғамының өзгергенін айтады. Сұхбаттарының бірінде продюсерімен 5 жылдан бері кездесіп жүргенін ауызға алған.

apek

Кентал

Соңғы кезде мерекелік кештерден Сандамен бірге бой көрсетіп жүрген әнші осы уақытқа дейін сүйіктісі туралы айтқан емес. Бар болғаны өзі ән арнаған қыздарымен белгісіз себептерге байланысты айырылысып кете беретінін айтады. Әншінің осы сөздеріне сенсек, өмірінде Назгүл, Перизат және Дәлидә есімді сүйіктілері болған.

T--re--ali-T--re--li-otbasyin-----rdyi

Төреғали Төрәлі

2014 жылдың 26 қарашасында айтыскер ақын, әнші Төреғали Төрәлі шаңырақ көтерген болатын. Сүйіп қосылған жұбайы – Толқын Тұрарбекқызы. Десе де себебі белгісіз, Төреғали отбасын еш жерде көрсетпейді. Соңғы кезде әншіні Ерке Есмаханмен қосып жүр.

Жұлдыздардың отбасын жасыруына сіздің көзқарасыңыз қандай? Олардың бұл әрекеті қаншалықты дұрыс немесе бұрыс?

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста