Қарақат: Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген

Қарақат: Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген

Қарақат Әбілдина қазақ ұлын үш ауыз сөзбен тәрбелегенін айтты. Оның мағынасын ашып, көпке ұғындыруыға тырысты. 

"Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген:
1. Ұят болады.
2. Жаман болады.
3. Обал болады.

Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті,
“Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы” дегені екен.

Жаман болады дегені – жақсы сөз айт, сөйлесең тек жақсы сөз айт, болмаса - үндеме. Жамандық атаулыдан бойыңды аулақ сал, еш адамға кесапатыңды тигізбе, көлеңкеңді түсірме дегені болса керек.

Обал болады дегені – судың да сұрауы бар, әр нәрсенің қадірін біл, саған түкке тұрғысыз болған дүние басқа біреуге өте қымбат, бағалы болуы мүмкін. Қолыңдағыны бағалап, барыңа қанағат ет, шүкір де, асылық етпе дегені.

Естіп өскен өсиет, тыңдаған насихат, бойға сіңірген тәрбиенің сыңайы осы еді. Енді осыны әупірімдеп, абайлап, жұқалап отырып қазір өз баламызға жеткізуге тырысамыз. Олардың заманы қазір мың құбылып тұр ғой.

"Алдымен атыңды тұсаула, одан соң Аллаға тапсыр" демекші, біз баланың бойына барынша ізгіліктің дәнін себеміз де, арғысын Аллаға тапсырамыз.

Ұят пен ар, обал мен ысырапты біліп, жақсы мен жаманды айырып өскен бала жаман болмас, сірә. Ал сіз ұлыңыз бен қызыңызға нендей ақыл айтасыз?", - деп жазды әнші. 

Желідегі оқырман үн қосып, өз пікірін жазды. Бала тәрбиесінің ең үлкен мәселе екенін алға тартты.

"Қазақта тағы да бір сөз барғой "Баланы тәрбиелеп қажеті жоқ, бала көргенің істейді" деп. Үлкендер өзінен бастау керек тәрбиені".

"Және "сауап болады" деп, ізгілікке, мейірімділікке, имандылыққа баулыған".

"Алладан ұлдарыма да қызыма да сана бере гөріңіз деп тілеймін
Санасы болса ешбір жамандыққа бармайды
Санасыз ұрпақтан Аллам тақтасын".

"Қазіргі балаға тəрбие беретін ата анасына əуелі дұрыс тəрбие берірілмеген содықтан болашағы бұлдыр тəрбеден жұрдай жастар өсуде дегім келеді", - деп жазды олар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста