"Өзім жаздым". Фариза Ескермес сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді

  • 30
"Өзім жаздым". Фариза Ескермес сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді

Әнші, актриса Фариза Ескермес ғашықтар күнін желеу етіп, Андрей есімді сүйіктісімен қалай танысқаны туралы баяндап берді. Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“2014 жыл. Менің топта ән айтып бастаған кезім. Бірде нөмірімді ауыстырмақ болып байланыс орталықтардың біріне бардым. Көшемен аяңдап келе жатқанымда орталықтың маңында бір топ жігіттер тұрды. Барлығының көзі менде. Арасынан біреуі жаныма келіп танысты. Ол Андрей болатын. Мен телефон нөмірімді берген болуым керек, ол маған жазып жүрді. Кейін мазамды алып жіберді ме екен, әлеуметтік желіде оны бұғаттап тастадым. Сырт келбеті еуропалық, сары жігіттерді ұнатпайтынмын. Екеуіміз алмасқан хаттарды оқып шықтым. Андрейдің: “Фариза, сен мен сияқты жігітті таппайсың. Бұл мақтаншақтық емес, бұл – шындық”, деген сөздерін оқып қалдым”, – деп жазды Фариза.

Актриса бір кездері сүйіктісімен байланысын үзгенін, тіпті басқа жігітке тұрмысқа шықпақ болғанын да жасырмады.

“Айтқандай-ақ, одан артығын таппадым. 2020 жыл. Әншілік, сериалдарға, киноға түстім. Басқа жігітке тұрмысқа шықпақ болдым. Қыдырдым, есейдім, өмір көрдім”, – дейді өнер иесі.

Оның айтуынша, ортақ құрбылары мен достарының арқасында қос ғашықтың тағдыры қайта тоғысты. Сол сәттен бастап өзі бұғаттап, бетін қайтарған жігітке деген жақындықты сезген. 

Актриса Андрейдің өзін қалай баурап алғанын айтып берді.

“Біз жиі кездесіп, бірге көп уақыт өткізетін болдық. Сондай күндердің бірінде Андрейдің маған деген көзқарасын байқадым. Таныстарымызбен басқосуда менің көңілімді тауып, жүрегімді жаулап алмақшы болған жігіттер көп болды. Бірақ Андрейдің тарапынан ондай әрекеттерді байқамадым. “Барлығы менің соңымнан жүгіріп жүр, сен неге көңілімді табуға тырыспайсың?” деген ойлар болды. Ол өзіне қатты сенімді, өжет еді. Көздері әдемі, әзілқой, жаны мейірімге толы болатын. Басқалардан қатты ерекшеленді. Соңында өзім жаздым. “Тауға барайық” деп ұсыныс тастадым. Сол сәтте маған хабарласып, содан кейін мені жібермеді”, – деп тәтті естеліктермен бөлісті ол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 188
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 236
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста