«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дейді. Бұл сөз сахнада да, үйде де әдемі болып жүретін жұлдыздардың балаларына қатысты айтылса керек. Олардың сәнді болмасқа шарасы да жоқ, себебі олар үнемі жұрттың көз алдында.
Жұлдыздардың кішкентайынан сәнді киінетін ұл-қыздарын NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.
Лидо
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
Әнші Лидоның үш баласы бар. Ол үшеуінің сәніне аса мән береді. Өзі де әрдайым балаларына үйлесімді киім кигізуге тырысады.
Салтанат Бақаева
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
Екі ұлдың анасы Салтанат та ұлдарын өзгеше киіндіруге тырысады. Екі ұлдың анасы бола тұра, өз мүсінін қалпында сақтай білген жас ана оларды елдің көзіне көп көрсете бермейді. Дегенмен, бірен-саран суреттері оның балаларының талғаммен өсіп келе жатқанын айқындап тұрғандай.
Мұқасан Шахзадаев
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
"Нұр-Мұқасан" тобының мүшесі Мұқасан жуырда өзінің желі парақшасына ұлдарының суреттерін салған. Жұрт олардың сәнділігіне аса мән беріп, ұлдарының әкесіне тартқанын айтқан.
Қарақат пен Қыдырәлі
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
Қыдырәлі мен Қарақаттың төрт ұлы желідегі әңгіменің басты арқауына айналғандай. Олар үнемі отбасылық фототүсірілімдерге қатысып, сәнділігімен, серлігімен елді сүйсіндіріп жүр. Әсіресе, көзге көбірек ілігіп жүрген Бексұлтанның сәнді жігіт болып өсіп келе жатқанында сөз жоқ.
Бүркіт пен Аиша
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
Бүркіт пен Аишаның екі ұлы бар. Зейін мен Омарды олардың желідегі парақшасынан көп көре алмайсың. Дегенмен, кейбір басылым беттеріндегі суреттеріне қарап, Аишаның талғамын аңғару қиын емес.
Динара Қырықбаева
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
Әнші Динара Қырықбаеваның қызына желі қолданушыларының көзі тоймайды. Сүйкімділігімен қоса әдемі көйлектері мен аксессуарлары көз қуантады. Динара да тыңдармандарын "ренжітпей" қызының ай маңдайын оларға жиі көрсетіп тұрады.
Тұрсынбек Қабатов
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың төрт баласы бар. Олардың ортақ суреттерінен жұбайы Мөлдірдің талғамы айқын білінеді. Мөлдір балаларына бірдей киім кигізгенді жақсы көреді.
Роза Әлқожа
Әнші, сазгер Роза Әлқожаның ұл-қыздары да ел назарында. Ұлы Бейбарыс пен қызы Ақботаны үлкен сахналарда әдемі әндерімен жиі байқайтынбыз. Енді концерт жүргізетін қырларын да көрсетіп жүр. Анасының 2015 жылғы есеп беру кешін Бейбарыс пен Ақбота жүргізген еді.
Ләйлә Сұлтанқызы
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ұлдары да ел назарында. Ләйлә оларды көптің көзінен жасырмайды.
ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ