Мөлдір Әуелбекова: Менің тобымдағы қыздар әуретті жерін көрсетпейді

Продюсер атанбақ ниеті барын жеткізген Мөлдір Әуелбекова жақында жаңа топты көпшілікке таныстырды деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram

Әуелбекованың айтуынша, ол шәкірт тәрбиелеу жайында бұрыннан ойлап жүрген. «Магистратураны тәмамдағаннан соң Төлешова Люция апайымның «Ұстаздыққа дайынсыңдар. Білімдеріңмен бөлісіңдер, шәкірт алыңдар» деген сөзін ескеріп, жеті жылдан соң продюсер болуға бел будым»,- дейді.

Назар тобы. Фото: Интернет

400 – ге жуық қыздар қатысқан өте ауқымды іріктеу үш күнге созылған. Жеті турдан соң іріктелген төрт қыз қалыпты. Ал топ атауын таңдауда продюсер ұзақ ойланған. Іріктелген төрт қыз ұсыныс айтып, ақылдаса келе «Nazar» атауына тоқталған екен.

Ал көптеген квартеттерден есті әндерді орындап, әуретті жерімізді көрсетпей ерекшеленеміз деген продюсердің топқа қоятын басты талабы – тәртіп! «Nazar» тобы нақты бір жанрға тоқталмайды. Кез-келген жанрдағы әнді қыздар жанды дауыста орындайтын болады.

Назар тобы. Фото: Интернет

Мөлдір Әуелбекованың айтуынша жеке шығармашылық пен топ жұмысын қатар алып жүру оңай емес екен. «Қолдан келгенше үлгеруге тырысып бағатын боламыз. Алла бұйырғанын көрерміз»,- деп сөзін аяқтады әнші.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста