Декреттік демалыстан кейін сахнаға қайта оралған Мөлдір Әуелбекова болашақ келіні мен баласын қазірден бастап бөлек шығаруға шешім қабылдап қойыпты. Әншінің өзі де қайын енесімен бірге тұрмайтынын айтты деп хабарлайдыҰлттық арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Мен енемнен бөлек тұрамын. Туған әпкемнің де төрт баласы бар. Ол кісі де айтады: "Балалар отбасын құрған кезде, бөлек тұрғандары жақсы",-деп. Бұйыртса қарашаның 24 күні ұлым 1 жасқа толады. Келінім мен ұлымды қолымда ұстамаймын. Қазірден бастап солай шештім",- деді әнші.
Еске салсақ, Мөлдір Әуелбекова 2015 жылдың желтоқсан айында Тараз қаласының келіні атанған. Бүгінде Арыстан мен Мөлдір бір баланың ата-анасы.