Меруерт Түсіпбаева: Күйеуіммен ажырасқаныма өкінемін

Меруерт Түсіпбаева елімізде болып жатқан жағдайларға әр кез ой қосып, пікірін айтып отырады. Әнші бұл жолы жолдасы мен баласы жайлы айтты. Күйеуімен ажырасқанына кейде өкінетінін де жасырмады. 

Бұл туралы "Ниет" теле жобасында айтылды.

 

Түсіпбаева ханым тіпті әріптестерінің қателігін бетіне басып, шындыққа тура қарайды. Бұл мінезі көпті қайран қалдырса енді бірі өзіне жарнама жасау деп жатады. 

"Мен тұрмысқа шыққан соң біраз уақыт бала көтере алмадым. Ол уақытта ақша табу, жұмыс секілді материалдық қиындықтар маған оңай көрінетін. Маған балалы болудан қиын нәрсе болмады. Кейін балалы болып, балам 2-3 жасқа толғанда басқа мәселелер туындады. Күйеуіммен жиі ұрысатын болдық. Ол үйде отырады. Мен гастрольдік сапармен кетемін. Тойға кетемін. Оның бір айғы ақшасын мен бір күнде табатын болған соң, ол жұмысын тоқтатты. Өнер адамының жұбайы болған қиын. Біз сол қиындықтан өте алмадық. Ол кезде балам әлі сөйлей алмайтын. Бірақ екі ортада жүретін. Не мені, не әкесін жақтарын білмейтін. Сондықтан егер бұлай жүре берсек, балам ауру болады деп шештім балам үшін ажырастым", - деді әнші.

Айтуынша, қазір күйеуімен ажырасқанына өкінетін кездері болады.

"Өкінбеймін деп айта алмаймын Өкінемін, өкінген кездерім болды. Ол да өкінді, мен де өкіндім. Бірақ егер ажыраспасам, балам ауру болар еді. Балам  үшін екіге айырылдық", - деді Түсіпбаева. 

Бағдарламаға хабарласқан көрерменнің бірі әншіге өз кеңесін айтты. 

"Сенің өнеріңе тәнтімін. Өнеріңе табынамын. Бірақ бала үшін ажырастым дегеніңе келіспеймін. Бала ата-ана бірге болғанда бақытты болады. Оны әкесінен жыраққа алып кеткенде, ол бәрін ұмытып кетпейді. Бала әкеге де, анаға жа жақын. Ата-анасының бақытты екенін көрген кезде бала да бақытты болып өседі", - деді ол. 

"Аллам әрбір отбасы мүшелеріне сана мен жүректеріне иман келтірсе екен", "Меруерт керемет жан шындықты айтады", "Не айтарымды білмеймін . Тек балалар бақытты болсыншы", "Ия әнші қыздарға қиын сияқты, әнші болмай ақ сәл нәрсеге қызғанып шығады", "Меруерт не нәрсенің әділ, шыншыл айта алатын жан", - деп жазды желі қолданушылары.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста