Махаббаты сәтсіз аяқталған қазақстандық жұлдызды жұптар

Бір кездері өнерде де, өмірде де қол ұстасып, жұбы жазылмай жүрген жұлдыздар ел алдына жарқырап шығып, бақытты күй кешетін. Алайда, сезімі сарқылмастай көрінетін танымал тұлғалар уақыт өте келе айырылысып кете барады. NUR.KZ бір-бірін ұнатқан, бірақ, бірге қалмаған жұлдызды жұптарды назарларыңызға ұсынады.

Иван Бреусов және Ділнәз Ахмадиева

Қос өнерпаздың махаббаты қазақстандық шоу-бизнестегі ең ұзақ әрі романтикаға толы болған кездесулердің бірі. Иван мен Ділнәз қайда барса да, жұбы жазылған емес. Иван сүйіктісіне жұрт алдында сезімін білдіріп, өлең арнаудан бас тартқан емес. Әнші тіпті лимузинмен келіп, бір шоқ гүлін Ділнәзға ұсына отырып, оған сөз салған. 2008 жылы жұлдызды жұптың үйлену тойын күтіп жүрген халықты Иван мен Ділнәздің екі жаққа айырылысып кетуі дүрліктіріп жіберді. Бреусов 2014 жылы Lila тобының әншісі Меруерт Асановамен отау құрып, бір жылдан соң жас жұбайлардың қызы дүниеге келді. Ал өзге жігітпен шаңырақ көтерген Ділнәз Ахмадиева биыл күйеуімен ажырасып кетті.

Айқын және Мақпал Исабекова

Бір кездері Superstar жұлдыздары ретінде таныла бастаған Айқын мен Мақпал Исабекованың арасында сезім ұшқынын байқаған жұрт әртістердің байланысына талай бас қатырды. Айқын мен Мақпал да бірлесе бейнебаян түсіріп, онда ғашықтардың рөлін сомадған болатын. Жанкүйерлер әлі күнге дейін қос әншінің қарым-қатынасы жұмбақ күйінде қалғанын айтады.

Нұржан Керменбаев және Жанар Хамитова

“Арнау” тобының экс-солисі Жанар Хамитова мен жас әнші Нұржан Керменбаевтың арасында шығармашылық байланыстан бөлек, ғашықтық сезімі болғанын көпшілік жақсы біледі. Жұлдызды жұп жұрттың назарын осылай өзіне аудартып, елең еткізсе де, олардың махаббаты ұзаққа созылмады. Қазірде Жанар Хамитова шоу-бизнес ауылынан мүлдем алыстап, көрінбей кетті.

Айсұлу Әзімбаева және Жандос Айбасов

Жұртшылық ұзақ уақыт бойы актер Жандос Айбасовты Динара Бақтыбаевамен кездесіп жүр деп ойлады. Мұндай ойға жетелеген қос актердің “Он и Она” фильміндегі бас кейіпкердің рөлдерін сомдаған сәті еді. Бірақ, бұл жай қауесет екенін Жандостың өзі дәлелдеді. Актердің жүрегін жаулаған жан актриса Айсұлу Әзімбаева болып шықты. Айбасов сүйіктісімен бірге Камбоджоға аттанып, демалыстарын бірге өткізген болатын. Бірақ, осы сапардан соң, жұлдызды жұп екіге айырылысып кетті.

Асхат Садырбай және Ерке Есмахан


Әнші Ерке Есмахан мен танымал тележүргізуші Асхат Садырбайдың арасындағы сезім тез тұтанып, тез өшкендей әсер қалдырды. Қос жұлдыз бір-бірін ұнатқан соң, көп кешікпей дүркіретіп той жасады. Өмірге тұңғыш ұлдары келді. Бірақ, шаңырағы шайқалған отбасы аз уақыттан соң ажырасып кетті. Осы жылы Асхат Садырбай үшінші рет отау құрды. Ерке Есмахан бұрынғы жарына бақытты болуын тілеп, өткен қателіктерін қайталамауға кеңес берді.

Никита Пресняков және Аида Қалиева

Никита Пресняков қазақстандық жұлдыз емес, ал Аида Қалиева қарапайым қазақ қызы болса да, жас жұптың махаббат хикаясы Қазақстанда шу көтеріп, қызу талқыға түсті. Пугачеваның немересі мен қазақ бойжеткені Нью-Йоркте танысып, төрт жыл бойы кездесіп жүрген. Никита ата-анасына сүйіктісін таныстырып, 2013 жылы Аидаға сөз салып та үлгерді. Әйтсе де, бұл бастама жалғасын таппай, жұлдызды жұп айырылысып кетті. Мұндай шешімнің себебін қыз да, жігіт те көпшілікке түсіндірген жоқ.

NUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста