Белгілі әнші Әли Оқапов марқұм әкесі Тасқын Оқаповты туған күнімен құттықтап, желі оқырмандарының ризашылығына бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы әнші Instagam желісіндегі парақшасында жазды.
Кадрдан әкесінің өмірінен сыр шертетін суреттер топтамасын байқауға болады.
Видео астына әнші "Туған күніңмен әке" деген жазба қалдырыпты.
Мұны көрген желі оқырмандары "Иманды болсын", "Әкесі керемет кісі еді", "Сендердің өмір жастарың ұзақ болсын", "Әкеңнің көре алмаған жақсылығын сендер көріңдер" деген пікірлерін қалдырды.
Айта кетейік, Тасқын Оқапов 1948 жылы 18 наурызда дүниеге келіп, 1999 жылы өмірден өтті. Ол "Гүлдер" ансамблінің бас дирижері болған.