Кеңес Дүйсекеев: «Сазгер» деген сөз намысыма тиедi...

«Сазгер деген сөз намысыма тиеді. Композитор мен сазгердің айырмашылығын көпшілігі ескере бермейді», - деді белгілі композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі ұйымдастырған кездесуде. Бұл туралы «Астана ақшамы» газетінде жазылды.

- «Далаға шығып таяқ лақтырсаң, композиторсымаққа тиеді. «До» мен «ре»-нің арасына таксимен барып келетін адамдар көбейіп кетті» деп 1979 жылы қазақтың өте талантты композиторы марқұм Әбілахат Еспаев маған бір айтып еді. Сол сөздің нағыз көкесін енді көріп жүрміз: қалтасын толтырып, талтаңдап студияға барады, екі нотаның басын қоса алмай, ыңылдаған бірдеңесін жаздырады. Ақшасын төлеп, әншіге айтқызады. Бір-екі рет эфирден көрініп, «мен композитормын» деп көкірек керетін жігіттер толып жүр. Өкініштісі, тек жігіттер ғана емес.

Ал, композитор деген... Мысалы, «Сазгер» деген сөз намысыма тиеді. Сазгерлер - арнайы композиторлық білім алмай, ыңылдап ән шығаратындар. Кеңес өкіметінің тұсында оларды әуесқой дейтін. Композитор латынның «compositor» - құрастырушы деген сөзінен шыққан. Әнді бастан-аяқ оранжировкасына дейін өзім дайындаймын. Осы композитор мен сазгердің айырмашылығын көпшілігі ескере бермейді, - деді Кеңес Дүйсекеев.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста