"Естен тандырды": Қысқа көйлек киген Ләйлә Сұлтанқызы сынға қалды
Ләйлә Сұлтанқызы қысқа көйлек киемін деп елден сөз естіп қалды, деп жазады Stan.kz.
Танымал тележүргізуші құны 200 мыңнан асатын көйлекті оқырмандарының біріне сыйға тартпақ. Осы орайда Сұлтанқызы оқырмандары арасында сауалнама жүргізіп, кімге қандай көйлек ұнайтынын сұраған.
Инста-фолловерлердің басым дені ұзын етекті көйлекті қаласа, тележүргізушінің өзі соңғы уақытта қысқа етектісін ұнатып жүрген сыңайлы.
"Көйлек туралы опростан соң, мені оқитын қыз-келіншектің көбі ұзын етек, жабық киім ұната ма деп қалдым. Әртүрлі ұзындықтағы киімді, түрлі түсті киімді араластырып киюден қорықпаңыз.
Дегенмен, киімге келгенде әркімнің өз таңдауы бар. Талғамға талас жоқ. Өзіңізге ұнаса болғаны.
Ең бастысы, ол көйлек сіздің бойыңызға, фигураңызға, жүзіңізге жарасып тұрсын. Әйелдің жан дүниесі де, сырт келбеті де, киген киімі де гүлдей жайнап, жарқырап тұрса қандай керемет", – деп жазба қалдырды Ләйлә ханым жеке парақшасында.
Желі қолданушылары киген киімінің жарасымсыз екенін айтып, Сұлтанқызын сынға алды.
"Адам жасына қарай киінген дұрыс сияқты, өз ойым", "Ең бастысы, жарасып тұрған жоқ, өкінішке қарай", "Ойбаай көйлегіңіз күйсіз екен", "Айнаға қарамадыңыз ба?", "Сіздің жасыңызда мынандай көйлекті ұсынбас едім. Қырыққа келіп сіз мына түріңізбен мені қатты естен тандырдыңыз", – деп жазды оқырмандар.
Ал сын айтушыларға Ләйләнің жауабы мынадай:
"Құрметті менің оқырмандарым. Көйлек сонша талқыға түседі деп ойламадым. Рақмет. Қандай пікір айтсаңыз да, жекеге өтпеңіз, қалғаны жеке пікіріңіз. Балаларым бастысы: "Сіз сондай әдемісіз, бәрі сізге жарасады" дейді”.