Ердос Қанаев балалар үйіне барып, бүлдіршіндердің көңілін көтерді (видео)

Ердос Қанаев балалар үйіне барып, бүлдіршіндердің көңілін көтерді (видео)

Ердос Қанаев балалардың ортасында. Әнші балалар үйіне барып, кішкентай бүлдіршіндердің көңілін көтерді. 

“Жыламасын сәбилер ешқашанда. Бұл "Жанұя" үйінде небір тағдырлар тоғысқан. Бірі ауырып жатса, бірі ата-анасының мейіріміне мұқтаж балапандар. Балапандарымыздың қадіріне жете білейікші”, – деп жазды әнші парақшасында.

Әнші жас достарының көңілін көтеріп, оларды құшағына бастады. Жылы лебізін білдірді. Көпшілікті баланың қадірін білуге шақырды. 

Желі қолданушылары үнемі жетім балалардың көңілін аулап жүретін әншіге ризашылығын білдірді. 

“Сізге Алла екі өмірде разы болсын. Көзіңізден үнемі нұр төгіліп тұрады”,  “Кең Аллам, пана да қорған болғайсың, пәк балапандарға. Балалар үйі мен Қарттар үйі болмасыншы, Текті Қазағымда, Раббым”, “Жандарым, балапандарым, ата-аналары бала қадірін білмегені қандай өкінішті. Балалар ата-анасымен бірге бақытты өмір сүрсе екен деп тілеймін Алладан”, “Сіздей болса ғой барлық қазағымның ер жігіттері. Ердос аға, сізге Алла разы болсын. Балаларыңыздың қызығын көріңіздер. Көп балалы ата-ана болыңыздар”, “Ердос, Аллам екі дүние бақытын нәсіп етсін. Алақаныңмен маңдайын ұстап сүйген әр балапан бақытты болуға лайықты. Сен сияқты қазағымның маңдайынан сипар ер азаматтары көп болсын”, – деп жазды желідегілер.

Бұған дейін Ердос Қанаев өмірден өткен тұңғышын еске алып, елді жылатты. Ұлына деген сағышынын білдіріп, өзге ата-аналарға басу айтқан еді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста