Бүгін Мейрамбек Беспаевтың туған күні!
7 қараша - белгілі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаевтың туған күні. Әнді жан-дүниесімен сезініп, жүрегімен орындайтын ғажап әнші бүгін 38 жасқа толды.
Мейрамбек Беспаев ең алғаш сахнаға өзінің өнердегі ұстазы Алтынбек Қоразбаевтың «Сағындым Кенен атамды» әнімен шыққан болатын. Әнші сол кезден бастап-ақ, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген. Мейрамбек өзінің өнер үшін туған дарын екенін талайларға мойындатқан.
Өз орындауындағы сезімге толы әндерімен, ғибратты термелерімен тыңдаушысын ләззатқа бөлеп жүрген әнші бүгін 38 жасқа толды. Осыған байланысты Мейрамбектің өмірдегі және өнердегі достары оны айтулы күнмен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді. Біз де өз атымыздан елдің сүйікті әншісін туған күнімен құттықтаймыз. Арайлап атқан әрбір таң шапағат нұрын сыйласын. Ғұмырыңыз ұзақ болсын!