Бір-біріне қатты ұқсайтын жұлдыздар (фото)

 

Кей-кездері табиғат әр адамды ерекше етіп жаратудан шаршайтын сияқты.look.tm сайты өздерінің көшірмесін тапқан танымал арулардың тізімін жасады.

Олар бір-бірінен айнымай қалғанымен, араларында ешқандай туыстық қатынас жоқ.

Жизель Бюдхен және Линда Вайтова

Линда Вайтова жұмысында Жизельдей жетістіктерге жетіп үлгермесе де, келбетімен біраз адамды таң қалдырды. Мода әлемінде танымал Жизельге Линданың бұлайша ұқсауы сирек құбылыс. 

Хизер Маркс пен Джессика Стэм

Әр түрлі планда фотоға түскенімен, модельдерді бір-бірінен ажырату қиын. Көрсетілімдерде екеуін халық жиі шатастырады екен. Сондықтан Хизер мен Джессика кей-кездері, қажет болғанда, жұмыста бір-бірін алмастырып отырған.

Даутцен Круз бен Дениз Ричардс

Интернетте Даутцен мен Дениз арасында туыстық қатынас бар ма деген сұрақ жиі көтеріледі. Қыздар бір-бірінен аумайтыны соншалық, тіпті бізге де кімнің-кім екенін ажырату оңайға соқпады.

Мила Йовович және Линда Евангелиста

Кімнің-кім екенін ажыратып көріңіз. Олардың келбетімен қоса мінездерінде де ұқсастық бар. Екеуі де жұмысына сүйіспеншілікпен қарайтын еңбекқор жандар. 

Роми Шнайдер мен Наталья Водянова

Кастинг басшылары Наталья Водянованың еуропалық жұлдыздан айнымайтынын бірден байқаған. Мұндай ұқсастық нижегородтық модельдің танымал болуына септігін тигізді. 

Джиа Каранджи мен Синди Кроуфорд

Мансап жолын жаңа бастағанда Синдиге “Кішкентай Джиа” деген есім берген. Айналасындағылар модельдердің қатты ұқсауына таңданысын жасырмайды.

Адриана Лима мен Барбара Палвин

Екі модель де іш киімдерді жарнамалап, жартылай жалаңаш түсе береді. Victoria’s Secret Show-ына қатысады. Бір-біріне қатты ұқсайды. Жалғыз айырмашылық – Адриана Барбарадан 12 жасқа үлкен.

Саша Пивоварова мен Джемма Уорд

Дизайнерлерді модель Саша Пивоварованың қуыршақ сияқты сұлу болуы қызықтырған болатын. Біраз жылдан соң модельдің өзінен айнымайтын сыңары пайда болып, дизайнерлердің қуыршақтар коллекциясы тола түсті.

Кара Делевинь мен Лайн Брэмс

Жас модель Лайн танымал Кара Делевиньді қуып жетуге шақ қалды. Ол жетістіктерге жеткен Караға жұртшылықтың өзін ұқсатуын мақтаныш санайды.

Nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста