"Басы бір қазанға сыймаған" отандық жұлдыздар кімдер?
Отандық шоу бизнестегі "жанжалдар" маусымы әлі де басылар емес. Бір-бірін сотқа сүйреп, бірін бірі ренжітіп, бірі атақ, бірі ақша, бірі бедел үшін қырқысып жатқан жұлдыздар саны күн санап артып келе жатқандай. Әсіресе, халық әндерін сүйіп тыңдайтын "Меломен" тобынан Жігер Ауыпбаевтың кетуі елдің наразылығын тудырған еді. Осы орайда NUR.KZ порталы түрлі себептермен тарап кеткен топтарды назарға ұсынады.
"Меломен"
Фото: xmusic.kz
"Меломен" тобының жанкүйерлері жуырда топтан Жігердің кететінін біліп көңіл күйі түсіп қалды. Әншінің топтан неліктен кететіні әлі белгісіз. Жігер бұдан бірнеше күн бұрын желідегі парақшасына бар шындықты айтып беру үшін арнайы сұхбат бергенін айтты. Ал топ продюсері Бауыржан Есебаев болса, Жігер қайта келсе, топқа қабылдайтынымыз анық дегенді айтады.
"Алашұлы" тобы
Фото: xmusic.kz
"Меломен" тобындағы жанжал тағы бір отандық топта да орын алды. "Алашұлы" тобының солисі Ұшқын Жамалбек топтан кететін болды. Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтылды.
"Нұр-Мұқасан"
Фото: xmusic.kz
Өткен жылдың соңында "Нұр-Мұқасан" тобы да үлкен жанжалмен тарап кеткен болатын. Оның әншілері бір-бірімен мемлекеттік сыйлық үшін ренжісіп қалған деген ақпарат тарап кетті.
"Арай" тобы
Фото: xmusic.kz
Көптеген қыздардың арманына айналған "Арай" тобының мүшелері де енді бірге ән салмайтын болды.
Ал бұған дейін елімізде мынадай бірқатар отандық топтар тарап кетіп, бүгінде әр жолымен кеткен болатын:
"Бәйтерек" тобы
Фото: xmusic.kz
"До Мажор"
Фото: xmusic.kz
"Жебе" тобы
Фото: xmusic.kz
"Заман" тобы
Фото: xmusic.kz
"Каспий" тобы
Фото: xmusic.kz
Нұрлан мен Мұрат
Фото: xmusic.kz