Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаров отбасын құрды
Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаров отбасын құрды. Бұл туралы Баян кеше өзінің интаграммдағы парақшасында жазды. «Ерлан Орынбасаров екеуміз осындай өмірге қадам бастық….» деп жазған әнші неке жүзігін таққан суретін жариялады. Соңғы кездері екеуінің үнемі бірге жүретінін байқап, түрлі пікір жазған көрермендерге «арамызда ешқандай сезім жоқ, тек әріптеспіз» деп мойындамай келген болатын. Сондықтан Баян Нұрмышева «Аллахымның «әр қиындықтың артында жақсылығы бар» дегені осы болар. Бүгінге дейін сіздердің ойларыңызға жаман ой тастаған болсақ, бірінші Аллахтан, сосын сіздерден кешірім сұраймыз» деп некесін жариялауымен қатар халықтан кешірім де сұрады. Ал оқырмандары өз кезегінде екі жасты құттықтап, тілектерін жолдауда. Біз де екі жасқа бақыт тілейміз!