Асхат Садырбай: Баласына әкесін сыйлата алған әйел – нағыз әйел

Асхат Садырбай ұл бала тәрбиесіндегі ер мен әйелдің рөлі туралы пікір білдірді. Ол ата-анасы кішкентай кезінде ер баланың алдында «маймыл» болмау керектігін баса айтты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айтуынша, ондай жағдайда есейгеннен кейін бала ата-анасын «құл» қып алады. Сондықтан бала қорыққанның емес, сыйлағанның «құлы» болып өсуі тиіс. Себебі ертеңгі күні ол ешкімнен қорықпайтын жасқа жеткенде ата-ана бармағын тістеп қалады.

Бұл ретте Асхат Садырбай ел аузында жүрген аңыздан үзінді келтіре отырып, баланың әкесін сыйлауы тікелей анаға байланысты екенін түсіндірді.

«Баяғыда Жиреншеге біреу «қолқанатың бар ма?» дегенде ат үстінде тұрған Жиренше: «бар» – деп үш жастағы баласын көрсетіпті. «Үйбай-ау мынау да қолқанат па?» депті жолдасы. Сонда Жиренше жерге қамшысын тастай салып, үш жастағы баласына: «Балам, қамшымды алып беріп жіберші!» – депті. Баласы домалаңдап келіп қамшыны жерден көтеріп әкесінің қолына жеткізіпті. Сонда Жиренше: «Қолқанат деген осы емес пе?!» деген екен. Оған қарағанда одан екі есе жастағы бала су құйып іше алмайды деген не сұмдық? Баяғы демей-ақ қояйын, өз әкемді, өз ауылымдағы әкелерді көрдім. Кедейін де, байын да көрдім. Қонаққа барса да бала көтеріп безілдеп немесе шынашақтай баласына, «сүйтесің бе? Бүйтесің бе? Кәне мынаны көрші!» деп маймылша билеп тұратын бүгінгідей әкелерді көрген емеспін. Баласына әкесін сыйлата алған әйел – нағыз әйел! Ол әйелдің басы баласының алдында да, жарының алдында да қадірлі боларына күмәніңіз болмасын! Алладан алар сыйы басқа әңгіме», – деп жазады ол.

Stan.kz
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста