Ерекше әндерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген «Арнау» дуеті тарайды. Бұл ақпаратты өнердегі әріптестері растайды. Соңғы кездері Нұржан мен Салтанаттың жеке өнер көрсетіп жүргенін де көріп жүрміз. Топ мүшесі Нұржан Керменбаев басылым беттіріне берген бір сұхбатында «соңғы кездері «Арнау » тобын сахнадан жиі ұштастыра бермейміз. «Арнаудың» аяқ алысы қалай болып жатыр?» деген сұраққа: «Салтанат ханым кішкентайлы болды. Одан бөлек басқа да жұмыстары бар. Театрда жұмыс істейді. Менің де жеке өмірім бар дегендей. Әрдайым «көзден кетсе, көңілден кетеді» дегенді естен шығарған емеспіз. Барлығына бірдей үлгеруге тырысып, шақырған жерден қалмай, шақырмаған жерге бармаймыз. Қазақта бір адам сүрінсе, құлап қалды дейді. Құлап қалса өлді дейміз. Халық арасында әңгіме әртүрлі сипатта тарап, кейде «Арнау» тобы тарап кеткен бе деген сұрақты жиі естиміз. Ол ақиқат емес. Топ өз жұмысын жалғастырып, тыңдарман жүрегінен орын алады деген сенімдеміз әлі де»,-деп жауап берген еді. Алайда, әріптестерінің сөзіне сенетін болсақ топ тарап, енді Нұржан бөлек, Салтанат бөлек өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Салтанат театрдағы жұмыстарына байланысты үлгермей жүрген көрінеді. Тіпті, топ мүшелері жеке жаңа әндерін жазуға қызу кірісіп кетіпті.
«Арнау» тобын енді сахнадан көре аламыз ба?
Читайте также
Жұлдызы жарасқан жұптар немесе жұбы жарасқан жұлдыздар
Бүркіт, әнші: "Қазақтың қызы табылмады ма?" деген сынды жиі естимін
Атақты асабалар: кім қанша сұрайды?
Қазақстандық белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қатерлі ісікке шалдықты
Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптар (фото)
Қазақтың 100 әншісі жабылып бір Бейонсенің табысына жете алмайды
Последние статьи автора