Өмір дегеннің өкпелетуден, соңынан өкініштен бармақты шайнаудан тұратынын түсінбейтін жаста едік қой ол кезде. Өрекпіген көңіліміз өкпешіл еді. Тай-құлындай тебісіп жүрген Табылдыны да талай өкпелеттік.
...Аяулы дос жайында жазылған естеліктерімді «Өкпелемеші» деп атадым. Өмірге өкпелеп кетіп еді... Өкінішім сәл де болса жеңілдер дегенмін. Бүгін «Жігіттердегі» Бағлан бауырым «Өкпелемешінің» әнін жаздыртыпты. Тыңдап тағы толқыдым. Серік Жанболат досымыз да жылап отыр. Сіздер де тыңдаңыздаршы! Өкпелеріңіз жазылады. Өкпелемейікші...
- Табылды Досымовтың бұл әні тапсырыспен жазылмағандықтан жүрекке тез жетті. Әнге сөз жазатын талай ақын бар. Бірақ солардың ішінен Табылдың әніндегідей: «Менен де гөрі мықтырақ немесе қалайша жігіт болайын еңсере алмасам бір мұңды...» деген мағынадағы сөздерді кездестіре алмайсыз. Соған қарап, ән мен сөздің бір біріне үйлесімділігін байқаймыз. Жалпы бұл әннің болашағы зор деп ойлаймын.
Аудио ән