Ақылбек Жеменейдің жары әншілікті қолға алды
«Каспий» тобының мүшесі болған, «Қызыл өрік» атты хит әннің орындаушысы Ақылбек Жеменейдің сүйікті жары өнер әлеміне қадам басты. Әншінің жұбайы Орынкүл Абишева әншілікті қолға алып, толықтай өнер жолына бет бұрды.
Бүгін Қазақстан Ұлттық арнасынан көрсетілген талантты ақын Құрманай Бақтиярқызының «Жан серігім-қаламым» атты ән кешінде Ақылбек Жеменейдің жары әнші Ғаділбек Жаңаймен Самал Ермаханның әніне, Құрманай Бақтиярқызының сөзіне жазылған «Егіз Лебіз» атты әнді дуэтте орындады.
Қазіргі таңда сахнаға жаңадан қадам басым келе жатқан әнші Орынкүл Абишеваның репертуарында 4 ән бар. Сонымен қатар, Орынкүл жары және өнердегі әріптестерімен гастрольдік сапарларға шығып, көпшілікке танылып келеді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу