Әнші Медеу Арынбаев тәуелсіз Қазақстанның эстрадасын екі кезеңге бөлді

Әнші Медеу Арынбаев тәуелсіз Қазақстанның эстрадасын екі кезеңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, екі кезеңнің біріншісі 2000 жылға дейін созылды және бұл Бұл "Азия Дауысы" және "Жас Қанат" байқауларына үлкен әсер етті. "Азия Дауысы" фестивалі қатарынан 12 жыл өткізілді, кейін түсініксіз себептермен өкінішке қарай жабылды. Бұл музыка мерекесі болды десек те, аздық етеді. Осы сайысты өткізген кезде қаншама турист елімізге келді, әлемнің әр түрлі тілдерінде ән шырқалды, бір апта бойы "Медеудің" үстінде ән қалықтап жүрді", - дейді әнші.

Арынбаев 90-жылдардың аяғында қазақ тілінде ән шырқаумен ақша табуға мүмкіндік туғанын айтады. Оның пікірінше, осы кезде "АБК" тобы құрылып, елдің түкпір-түкпіріне дейін аралаған. "...Қаншама мың адамы бар стадион жинап, танымалдығымыз шалқып тұрған кез еді. 2000 жылдар келгеннен кейін бір кезеңнен екінші кезеңге ауыстық. Нақты қай уақыт екенін айту қиын, бірақ дәл осы кезеңде музыканың сапасына мән беруден қалдық. Мерекелерде, тойларда ән айтамын деген көптеген топтар, дуэттер, триолар, жеке әншілер шыға бастады. Репертуардың сапасына келер болсақ, кәдімгі "той" сипатындағы аудандық деңгейде десем қателеспеспін. Мұндай қазақша әндер тойларға арнайы жазылған қарапайым, терең мағынасы жоқ, "частушка" сипатындағы әндер", - деді орындаушы.

Осы жайтты айта отырып, Медеу Арынбаев өз альбомдарын мысалға келтірді. Оның айтуынша, ол екі альбом шығарып, біріншісі - авторлық әндер болса, екіншісі халық немесе халық әні болып кеткен Мәриям Жагорқызының, Естайдың, Үкілі Ыбырайдың, Махамбеттің әндеріне құрмет ретінде осы әндерден жинақталған альбом. "Әуелі халық әндерін орындап, қандай әнші екеніңді дәлелдеу керек еді, кейін өзіңнің авторлық шығармашылығыңа ден қоюға мүмкіндік туды", - дейді әнші. - Менің ойымша, дәл осы жағдай орыстілді тыңдармандарды қазақ эстрадасынан алыстатты. Одан кейін басқа тілдерде шырқалатын әндерді тыңдау дағдыға айналады, басқаша айтқанда инерция құбылысы орын алары заңдылық".

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста