«Алланың балаларыма берген несібесі шығар...»: 42500 теңге әншілерге де түскен

«Осы вирус басталғалы бері менің инстаграм парақшама көмек сұрап жазатын адамдар көбейіп кетті. Тіпті, екі нан немесе 2000-5000 теңге сұрап жазатындар бар», - дейді жас әнші Балжан Бидаш.

Ernur.kz порталы әншілерге карантинге қатысты 5 сұрақ қойып, сауалнама жүргізген екен. Соның үшіншісі – «42 500 алдыңыз ба? Желіде «Жұлдыздар челленджден басқа қандай көмек беруде?» деген сияқты түрлі сын айтылып жатыр. Осы мерзімде қайырымдылық жасадыңыз ба? Құпия болмаса, қанша көлемде?» деген сұрақ. Біз әлі де 42500 теңгенің «жырын жырлап жүрген» біраз оқырманға сол қызықтырақ болар деп, сауалнама жауабын ықшамдап алып отырмыз, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарақат ӘБІЛДИНА, әнші:
«42 500 теңге каспий голдқа түсті, оған өзім де таң қалдым (күліп). Себебі, оған құжат толтырып, «мен де алайын» деп құнттаған жоқ едім. Бірақ, көмекшілерім жұмыс орным арқылы өтініш беріпті, оны өзім де білмедім. Солардың арқасы әрі Алланың балаларыма берген несібесі шығар, түсті. Ол үшін үкіметке рақмет! Қазір барлық жұмыс тоқтады, елдің бәрі үйінде, сондықтан көмек кімге болмасын керек.

Ал қайырымдылық мәселесінде «оң қолым бергенді сол қолым жасырсын» деген қағиданы ұстанамыз. Мүмкіндігінше берген садақаны жария қылмауға тырысамын. Оған қазіргі технология да көмек, әр жұма сайын мұқтаж жандардың картасына аударып отыруға тырысамын.

Шыны керек, жекеме келетін хаттың басым көпшілігі – көмек сұрайтындар, карантин басталғалы бері олар тіпті көбейді. Бірақ, барлығына бірдей қол ұшын созу мүмкін емес. Шын мұқтаж, әсіресе, дертке шалдыққан бала бағып отырған отбасына көмек беруге тырысамыз.

Мәселен, былтырғы өткен концертімізден түскен 4 млн табысты асыраушысынан айырылған, 6 балалы отбасына аудардық. Күні бойы тік тұрып өткізген екі концерттің қаржысы сол жандарға бұйырды. Қай уақытта болмасын қайырымдылық жобалардан қалыс қалмауға, көмек беруге тырысамыз.

Оның көлемі де әртүрлі. Бірақ, бастысы қайырымдылық тек ақшалай емес, жылы сөз, дұрыс жөн сілтеуіңмен де өлшенеді емес пе? Сондықтан әрбірін тізіп отырғаным жөн емес. Жасаған жақсылығымыз ұрпағымызға қайтсын деп тілеймін».

Сара ЖҮНІСБЕК, әнші-сазгер:
«Негізі кеше 42500 теңге түсті, бірақ, қайтарып бердім. Жұмыс орным жабылған жоқ, тұрақты табыс бар, соған шүкіршілік етемін! Ол ақшаға байланысты әзіл өлеңімді желіге де жариялаған болатынмын.

Үкіметке қарайтын кез келді ғой,
Десек те министрің сөз берді ғой.
Айналайын 42500 теңге-ай,
Келуіңнен, кетуің тез болды ғой.

Ойпыр-ой, мың долларға тап болғандай!
Будақ-будақ ақшаға қап толғандай.
Өзімді сезіндім-ау баладайын,
Кәмпит беріп, қайтадан ап қойғандай.

Білгенмін беріп қайта аларыңды,
Сеземін мұқтаж жанды табарыңды.
Хош, сәулем, енді қайтып көріспейміз,
Мәңгі есте сақтаймын жанарыңды!

Қайырымдылық жасаймын, әрине. Бірақ, сомасы бір Аллаға ғана аян болсын!».

Балжан БИДАШ, әнші:
«Осы вирус басталғалы бері менің инстаграм парақшама көмек сұрап жазатын адамдар көбейіп кетті. Тіпті, екі нан немесе 2000-5000 теңге сұрап жазатындар бар. Сондай аз ғана көмек сұрайтын елдің бар екенін түсінгенде, жүрегім ауырады. Шамам келгенше, ақшалай көмек беруге тырысамын. Біз қойнауы қазба-байлыққа толы елміз, халқымыз ашықпауы қажет. Көбірек еңбек етуіміз қажет».

Сауалнаманың толық нұсқасы мына сілтемеде.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста