Әліби туралы түсірілген бейнеклип авторына қоқаң-лоқы көрсетілді

Журналист Жан Ахмадиев «Қазақпыз ғой» деп аталатын бейнеклипімен Қазнеттің жұлдызына айналды. Алдымен Әліби Жұмағұловтың оқиғасына қатысты әнін, кейін тыңдарман сұрауы бойынша бейнеклипін YouTube-қа жүктеген оған қоқаң лоқы көрсетілген. Ал аталған видеоны 140 мың адам тамашалап үлгерген.

Танымал ән тек бұл оқиғаға қатысты емес. Еліміздегі бірқатар негативті жайттар тізбектеліп, Алматыдағы құлаған көпір, парақорлық фактілері мен жетімдер жайы баяндалған. Туынды бір түнде жазылып, видеоны журналисттің жұбайы дайындаған көрінеді.

«Қазақпыз ғой» әнінің  таралымынан соң «Әліби альфонс па?» деген сұрақ ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Автордың сөзіне сүйенсек жастар махаббат үшін күреседі, ол үшін ақы сұрамайды.

«Мен өзім журналистпін, сондықтан Әлібидің әкесінің 200 млн теңге сұрағанынан хабардармын. Көпшілік мені Қайрат Жамалиевтің тапсырысымен осындай қадамға барды деп ойлап жүр. Бірақ мен ол адамды мүлдем танымаймын. Қыз үшін көп жігіт сияқты мен де талай төбелескенмін. Таяқ жеген күндеріміз де аз емес. Оның қай-қайсысын жарнамалап отырасың?! Әліби осы оқиға арқылы пиар жинап отыр. Мен осы себептен аталған әнді шығардым»,- дейді автор.

Бұл оқиғалардан кейін Жан Ахмадиевке түрлі қоңырау соғылған. Өздерін күзет қызметінің қызметкерлері деп таныстырған олар, бейнежазбаны жоюды талап еткен. Бірақ Жан жазбаның желіден жойылмайтынын жариялап отыр.

Бейнеклиптің соңы «Жалғасы бар» деген сөзбен аяқталды. Демек журналист жаңа туындысымен көрермендерін қуантпақ.

baistars.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста