Айгүл Иманбаева әнші Алтынай Жорабаевамен ара-қатынасы туралы шындықты жайып салды

Айгүл Иманбаева әнші Алтынай Жорабаевамен ара-қатынасы туралы шындықты жайып салды

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева жақын күндері Астанада есеп беру концертін өткізеді. Концерт алдында ол өз кеші туралы қызықты мәліметтермен бөлісіп, бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов пен әнші Алтынай Жорабаева туралы да ойын ашық айтты.

Бұл туралы ол Aynaline.kz сайтына берген сұхбатында тоқталған.

Әнші шығармашылық есеп беру концертін өзінің бала күні, бойжеткен кезі және қазіргі сәтімен үш бөлімге бөлуді жөн көрген. Концертте опера әншісі Сүндет Байғожиннен өзге ешкім қонақ болмайды. Тіпті, "Үш жас бақытты болсын" жобасындағы әріптестері Алтынай Жорабаева мен Сәбит Әбдіхалықов та сахнаға шықпай, тек көрермен болып отырмақ.

"Олар қатыспайды, бірақ қонақ ретінде залда болады. Жалпы, "Үш жас бақытты болсын" дер кезінде жасалған, жемісін берген жоба, сонымен ол жобаны жаптық. Меніңше, әрі қарай созудың, езудің қажеті жоқ. Иә, Сәбиттің жоспары бойынша Астанаға да концерттік бағдарламамен келуіміз керек еді. Мен бас тарттым, Астанаға өзімнің жеке концерттік бағдарламаммен баратынымды айттым. "Мен сендермен бірге тұрып жатқан адам емеспін, араласса балам аралассын. Маған өкпең болмауға тиіс" деп ашығын айттым. Сәбит "Қап, жалғастырсақ та болатын еді!" деп қалды", - дейді танымал әнші.

Сонымен қатар, Айгүл Иманбаева соңғы кездері жақсы араласып, сахнада бірге ән шырқап жүрген Алтынай Жорабаева туралы пікірін де айтты.

"Алтынаймен өмірде жақын құрбымыз деп айта алмаймын. Біз сахнадағы бәсекелеспіз, әріптеспіз. Алтынайдың да, менің де өсуім үшін бәскелестіктің болғаны жақсы және ол заңдылық. Әрқайсымыздың өміріміздің қызығы мен шыжығы бөлек, ең бастысы балаларымыз араласса болды" , - дейді әнші Айгүл Иманбаева.

Бір қызығы, осыдан бірнеше күн бұрын Алтынай Жорабаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Айгүл Иманбаевамен түскен суретін шығарып, оны ерекше құрметтейтінін жазған. Әнші Айгүлді құрбыдан да, достан да артық бауыр көретінін жасырмады.

"Айгөлегімді сағынып кеткен соң, екеуміздің фотомызды салған едім. Қамшының сабындай қысқа өмірде сыйласып өткенге не жетсін?! Әрине, қателеспейтін адам болмайды. Айгүлдің ұлы мен менің қыздарым бауыр. Оларды бөліп-жаруға хақымыз жоқ. Айгүлдің өз өмірі, менің өз өмірім бар. Мен ешкімнің отбасын бұзып, күйеуін тартып алған жоқпын. Біз Айгүл екеуміз құрбыдан да, достан да артық БАУЫРМЫЗ", - деп жазады Алтынай Жорабаева өз парақшасында.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста