"Әйелімнен жиіркенемін": Тимур Балымбетов серіктесе босануға қатысты жалған түсінікті жоққа шығарды

"Әйелімнен жиіркенемін": Тимур Балымбетов серіктесе босануға қатысты жалған түсінікті жоққа шығарды

Жақында алғаш рет әке атанған Тимур Балымбетов серіктесе босану туралы арнайы видео түсіріп, көпшілікті мазалайтын сұрақтарға жауап берді. Телепродюсер әрі жүргізуші әсіресе ерлердің санасына сіңіп қалған қорқыныштарды сейілтіп, мұндай маңызды сәтте әйелдің жанында болудың маңыздылығы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Тимур сәбиінің дүниеге келер сәтін өз көзімен көруді армандағанын, қалағанын айтты. Сөзіне қарағанда, оның ортасында серіктесе босануға қатысқан ер азаматтар көп. Олардың ішінде шетелдік те, қазақ азаматтары да бар. 

"Перзентханада болғанда көптеген әкелерді көрдім. Мұның қалыпты жағдайға айналып бара жатқанына қуаныштымын", – деді ол.

 "Қатынжанды", "Бұл жігіттің ісі емес", "Біз батырлардың ұрпағымыз, бізге жараспайды", "Ол жерде болсам, әйелімді ұнатпай қаламын", "Жиіркенемін"... Серіктесе босануға ерлерге кедергі келтіріп, маза бермейтін ойлар осы. Алайда Балымбетов бұл қорқыныштардың шындыққа жанаспайтынын алға тартты. 

"Әйеліңіздің жанында болып, оған қолдау білдіргеннен қарым-қатынасыңыз жаман болып қалмайды. Алғашқыда қиын сәтті бірге өткеріп, кейін ол өте көп қуанышты сәттерге айналады. Шексіз бақыт алып келеді. 

Керісінше, балаңды өмірге әкелу үшін сүйіктіңнің қандай сынақтан өтетінін көріп, түсінген кезде, оған деген құрметің мен махаббатың артады. Босану кезінде көп нәрсе жоспар бойынша жүрмеуі мүмкін, бірақ ол - батыр, балаңа зиян тигізбеу үшін соңына дейін баруға дайын. 

Әйеліңді одан сайын жақсы көріп, құрметтеп, қастерлей, қорғай бастайсың. Соған бола әйеліңе жаман қарай бастайсың деген ойдың қайдан шығатынын білмеймін. Менің жағдайымда керісінше болды. Күн сайын әйелім мен ұлым үшін Құдайға алғыс айтамын", - деп ағынан жарылды Тимур.

Тележүгізуші босану кезінде еркектің қандай міндет атқаратынын да айтып берді. 

"Еркектің миы проблеманы шешуге бағытталған. Ал бала босану сынды шұғыл жағдайда есіңізді жоғалтуға, ішімде не болып жатыр дегенді ойлауға уақыт болмайды. Сіз сонда боласыз, сүйіктіңіздің қолынан ұстап, проблеманы шешесіз. Егер ол ұмытып бара жатса, қалай демалу керек, не істеу керегін есіне салып тұрасыз. Босану кезінде түрлі дауыстар шығып жатады. Акушердің, анестезиолог, қазір психологті қосатын болған. Әйел үшін жанында өз адамы болғаны маңызды. Сол үшін керексіз. Массаж жасап, әңгімелесу үшін, қолдау көрсету үшін керексіз", - дейді Тимур. 

Ал баланың шыққанын көрсем, әйелімнен жеріп, оған деген құштарлығым төмендеп кетеді деп ойлайтын ерлерге Балымбетовтың айтары бар.

"Белден төмен жақта не болып жатқанын көру міндетті емес. Әйеліңізге қарап, қолынан ұстап тұрсаңыз жеткілікті. Бірақ ол жақта да қорқынышты да ештеңе жоқ. Ол - құнсыз. Ол сәтті қалай өткізіп алуға болатынын мен білмеймін. Оны ештеңемен салыстыруға келмейді", - деді Тимур. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста