Әбдіжаппар Әлқожа отбасын құрып, жан әпкесін қуантты (фото, видео)

Әбдіжаппар Әлқожа отбасын құрып, жан әпкесін қуантты (фото, видео)

Сүйінші халайық! Қазақ эстрадасының сері жігіттерінің бірі, сымбатты да, сырбаз әнші Әбдіжаппар Әлқожа келін түсірді. Өзіне, өнеріне ғашық ару қыздардың сұлулығына арбалса да, өмірлік жарын адаспай тапқан Әбжіппар отбасын құрып жан әпкесі Роза Әлқожаның үмітін ақтады. Шамшырағы інісінің болашағына қандай әпке алаңдамасын... Келінінің жүзі айдай, қылығы балдай, көркіне ақылы сай болғанын қалаған Розаның арманы орындалды.

«Алаш айнасы» оқырман назарына Әбдіжаппардың жары Мейіргүлдің ұзату тойынан және беташарынан эксклюзивті суреттерді ұсынады.

Мейіргүлдің ұзату тойынан

Келіннің бетін қазақтың ерке ұлы, талантты әнші Еркін Нұржанов ашты

Көпшілікке мәлім, қазіргі кезде шоу-бизнесте жүрген әнші жігіттер өздерінің шаңырақ құрғандарын жұрттан жасырып, жарларын көрсетуден бас тартып жатады. Өздеріне жанарлары қадаулы мыңдаған сұлулардың жүрегін жаралағысы келмегеннен бе, әлде өздеріне деген қыздардың қызығушылығы азайып қалады дей ме, әйтеуір үйленгені туралы ақпаратты таратпауға тырысады. Қазақ эстрадасының еркесі Қайраттың балалы-шағалы екенін көпшілік білсе де, әншінің өз аузынан есту мүмкін емес. Сол сияқты көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған Төреғали Төрәлі де біразға дейін өзінің шаңырақ құрғанын жария етпей жүрді. Ал Әбдіжаппар басқалардай емес, жарының суретін өзінің инстаграм парақшасына жарияласа, әншінің әпкесі Роза Әлқожа да әлеуметтік желі арқылы інісінің отбасын құрғанын айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

 

 

Әбдіжаппар мен Розаның инстаграм парақшалары бүгінде құттықтаулар мен ақ тілектерге толды. Әпкелі-інілі әншілердің тыңдармандары өнер иелерінің қуаныштарына ортақтасып, ақ тілектерін жаудыруда. Әрине, әншіге ғашық қыздардың кейбірі бұл жаңалыққа сенер-сенбестерін білмей, сері жігітті отбасылық өмірге қимай пікір білдіріп жатқандары да бар. Дегенмен Әбдіжаппар отбасын құрғаны туралы ақпараттың рас екенін, оның ешқандай әзіл еместігін айтып ағынан жарылды.
Әбжіппардың таңдаған жары Мейіргүл Өскемен өңірінің қызы екен. Өткен жылдың желтоқсан айында туған үйінен ұзатылған Мейіргүл Әбдіжаппардай әнші жігіттің жары атанды. Мейіргүлдің жасы 21-де.

Таяуда «Айтуға оңай» бағдарламасына арнайы шақырылған жас жұбайлар үлкендердің ақ батасын алды. Жастар үйлену тойын жазда өткізуді жоспарлап отыр. Біз де өз тарапымыздан жас шаңыраққа отбасылық бақыт тілейміз. Жұптарыңыз жазымасын, махаббатырыңыз мәңгілік болсын!

Айнұр СЕНБАЕВА

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста