Отандық танымал әнші Асан Пердешов өзінің кәмелет жасқа толмаған қызға үйленгені жайлы қауесеттерге нүкте қойды. Өнер иесі жары шын мәнінде қай жылғы екенін айтып, көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берген деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қазақстан" телеарнасындағы "Ниет" бағдарламасына сілтеме жасап.
Асан Пердешов өзінің үйленгені желіде аса қызу талқыға түскенін алға тартты. Әншінің сөзінше, кейбір оқырмандар тіпті, оны мектеп оқушысын жар етті деп сөккен.
Алайда, сұхбаты барысында өнер иесі көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап беріп, әйелінің шынайы жасын жария етті.
"Кімнің аузына қақпақ боласың. Бұл мәселеге қатысты өзімнің Instagram парақшамда жауап берген болатынмын. Біреу жазыпты "Асан Пердешов сегізінші сынып оқитын қызды өзіне жар қылды" деп. Сосын мен оған "бірден үшінші сыныптың қызын алды деп жаза салмадыңдар ма" деп жаздым.
Енді қайтемін, келіншегім жас көрінсе, менің кінәм емес. 15-16 жастағы қыз емес. 2000 жылғы, менен жасы кішкентай. Мен одан үлкенмін. Арамыз ұзақтау, бірақ өзі жақсы көріп тұрғаннан кейін болатын шығар деп ойлаймын. Кәмелет жасқа толған қыз. Аллаға шүкір, жақсы отбасымыз" , - деді Асан Пердешов.
Айта кетейік, бұған дейін желіде Асан Пердешовтың 15 жасар қызбен отау құрғаны жайлы ақпарат тарап кеткен болатын.