Жаңаөзенде жұмыссыздар тағы аштық жариялады
Бүгін, 3 мамырда Жаңаөзен қаласының 15-ке жуық жұмыссыз тұрғыны әкімдіктің алдында жиналды.
"Жұмысқа орналастыру проблемасын шешуге әлі күнге дейін көмек көрсетпегендіктен, біз аштық жариялауды көздеп отырмыз", - дейді жиналғандар.
Еске сала кетейік, еңбек шарты мен жалақыға көңілі толмайтын жаңаөзендіктер бірнеше рет наразылық білдірді. 10 сәуірде Жаңаөзен жұмысшылары Астанада наразылық акциясына шықты. Энергетика министрлігі ғимаратының жанына 60-70-ке жуық адам жиналды. Ереуілшілер "Өзенмұнайгаз" АҚ-ға жұмысқа алуды талап етті.
Келесі күні наразылық білдірген мұнайшылар ұсталып, 12 сәуірде Жаңаөзенге қайтарылды. Елордада келіссөз жүргізу үшін жұмыс комиссиясының құрамына енген 10 өкіл қалған еді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу