Түркиядағы зілзала кезінде қолданылған құралдар көпшілік назарына ұсынылды

Түркиядағы зілзала кезінде қолданылған құралдар көпшілік назарына ұсынылды

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде құтқарушылардың қолданған заттары көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге азаматтық қорғаныс саласындағы заманауи құралдар қойылды. Қ.Сәтбаев атындағы университеттің аллеясындағы дала көрмесіне өрт сөндіру және құтқару құрал-саймандары, техникалар жұртшылық назарына ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

 
Сейсмология институты «I2NIK» ЖШС-мен бірлесіп ДАРМЕН мобильді қосымшасымен біріктірілген жер сілкінісі туралы автоматтандырылған алдын ала хабарлау жүйесінің таныстырылымын өткізбек.

«Еліміздегі «Қызыл Ай» қоғамы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар және зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту тренингтерін өткізеді.

Сонымен қатар халыққа және оқушыларға жылжымалы платформадағы ерекше тренажер – жер сілкіністерінің симуляторы ұсынылды. Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік сабағын өткізді. Онда 7 балға дейінгі көлденең және тікшіл келген жер дүмпулерін қолдан жасайтын тренажерді көрсетті», - деді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар университетте «Кешенді қауіпсіздік» оқу сыныбы ашылды. Ол ЖОО студенттерін төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге оқытуға арналған. Сыныпта оқу құралдары, өртке қарсы құралдары, «Гоша» кешенді тренажеры, стендтері мен плакаттары бар.

Сонымен қатар, сиреналар дабыл дыбыстарын іске қосқан кезде білім беру мекемелерінде, адамдардың жаппай жиналатын орындарда, сондай-ақ ғимараттардан адамдарды алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, объектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізілді.

«Көрмедегі техника толығымен қызығушылық танытқандардың алдына қойылды. Өрт сөндіру автомобилінің кабинасында отыруға, авариялық-құтқару құрал-саймандарын көруге, тактикалық-техникалық сипаттамаларын білуге, жылдам әрекет ететін мотоцикл экипаждарының тактикалық-техникалық сипаттамаларын білуге мүмкіндік берілді. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар барлық келушілерге техниканың мүмкіндіктері және олардың ішіндегі орналасқан жабдықтары туралы айтып берді.

Келген қонақтардың 18 қабатты үй секілді биіктен адамдарды құтқара алатын өрт сөндру көпбейінді сатысына мініп, қаланы биіктіктен көруге мүмкіндік берілді»,  - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Атап өту қажет, 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымның толыққанды мүшелігіне кіріп, халықты, аумақты және шаруашылық жүргізу объектілеріндегі табиғи және техногендік сипаттағы жағдайлардан қорғау мәселелерін іске асыруға белсенді қатысады.

Еске сала кетейік, Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкіністері болып, 50 мыңнан аса адам қаза болды. Оның ішінде 45 мыңнан астам түркиялық көз жұмды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста