Талдықорғандықтар сайлау учаскесіне түйеге мініп келді
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы №419 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді.
Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, түйеге мініп, дауыс беруге келгендер арасында 35 жастағы Ұлан Байзақов та бар. Ол кейінгі 15 жылда түйе асыраумен айналысып келеді. Ұланның айтуынша, бұл жануарды асырау оңай емес, дегенмен қос өркешті қастерлі малдың иесі болу бір ғанибет.
Аптаның демалыс күндері түйемді орталық саябақтарға алып шығамын. Үстіне мінгеніне қуанған балаларды көрудің өзі бақыт. Осындай қызмет көрсетуден тапқан қаражатты түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсаймын. Бүгінгі сайлауға ертелетіп келіп, дауыс бердім. Себебі күні бойы түйе бағымына қатысты атқаратын шаруам көп, — дейді Ұлан Байзақов.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу