Сарысуда сайлау учаскесіне жаңа құдалар келді
Бүгін - еліміз үшін өте маңызды күн. ҚР парламенті мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Елімізде өтіп жатқан сайлаудың маңызын терең түсінген әр азамат өз таңдауын жасайды.
Осыны сезінген Сарысу жеріне сонау Маңғыстау облысынан келген құдалар да өз дауысын берді. Қазақта "Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық" деген жақсы сөз бар. Сарысу жеріне қыз беріп, құдалыққа келген маңғыстаулық құдалар бұл сайлаудың маңызды екенін айтып өтті.
Құдалар Жаңатас қаласындағы Спорт кешенінде орналасқан №363 сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады. Жалпы дауыс берушілер саны – 2784.
"Биылғы сайлау өте белсенді өтіп жатыр. Елімізде болғанымызда 5 бюллетень алып, өз таңдауымызды жасайтын едік. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, саяси оқиғаға қай жерде болсақ та, үлесімізді қосуымыз керек деп шештік. Саялы Сарысу жеріне қыз беріп, құда болған алғашқы қадамымызды сайлаудан бастағанымызды жақсылыққа жорып отырмын. Таудауымыз − еліміздің болашағы, кемел келешегі", −деді маңғыстаулық Берік Нұрбергенов құда.