Қазақстандықтар заңсыз алкогольді көбірек тұтынатын болған

Қазақстандықтар заңсыз алкогольді көбірек тұтынатын болған

Жыл сайын сапасыз алкогольді тұтынудан өлім-жітім артып барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
 
«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, спирттік ішімдіктер қымбаттауына байланысты контрафактіге сұраныс артып жатыр. Қазақстанда алкогольден уланудан және ауыр интоксикациядан кейін ай сайын 30-ға дейін адам қайтыс болады. Көбінде аз қамтылған адамдар мен зейнеткерлер осындай жағдайларға душар болып жатады.

Заңсыз спиртті жаппай өндіру Қазақстанның барлық дерлік өңірінде бар жағдай. Кез келген қалада құқық қорғау органдары жерасты цехтарын әшкерелеп жатады. Арақты пластикалық бөтелкелерге құятын алкодиллерлер ерекше қауіп төндіреді, дегенмен заң бойынша сырадан басқа барлық алкогольді пластикалық контейнерлерге құюға тыйым салынған. Себебі пластик алкогольмен әрекеттесетіндіктен, улы қосылыстар денеге енеді.

Ең жаманы — метил спирті бар контрафактілі алкоголь. Метанолы бар бір стақан адам өмірін қиюы мүмкін. Метанол бүкіл денеге тез таралады және жасушаларда ең ауыр у — формалин түзіледі. Адам әлсіздікке, бас айналуға, ентігуге ұшырап, көз алдында жарқыл пайда болады. Есінен танады. Осы уақытта мидың қайтымсыз зақымдануы болады. Бұл кем дегенде соқырлық, ауыр неврологиялық асқынулар. Ең ауыры өлім-жітімге апарады, - дейді дәрігер және «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығының басшысы Бақыт Түменова.
Ал заңды белшесінен басатындар көбіне Алматы, Шымкент және Түркістан облысының «кәсіпкерлері». Дәл осы қалаларда жерасты цехтары жиі кездеседі. Қаржы мониторингі агенттігі бұл аймақтарда миллиондаған бөтелке контрафактілік алкоголь тәркіленгенін растады. Дүкен сөрелеріне қаншама заңсыз өнім түскені белгісіз. Осы уақытта Қазақстанның басқа өңірлері де қауіпті өнім жасауға көшкен. Полиция таратқан ақпататтарда көбінде Петропавл, Семей, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Атырау, Абай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы заңсыз өнім әшкереленіп жатқаны жиі айтылады. Тәртіп сақшылары күмәнді бизнес үшін бірнеше миллион теңге көлемінде айыппұл салынатынын ескертіп отыр.

Қазақстанда заңсыз алкоголь көбіне қоймаларда, ангарларда және жертөлелерде өндіріледі. Сарапшылар жалған өнімдер құю желілерінде қолдан жасалғанын атап отыр. Мұндай жағдайларда өндірісте сүзу жүйелері болмайды және толықтай антисанитария жағдайында өндіріледі. Бөтелкелер көбінесе қоқыстан жиналады.

Былтыр республикада заңсыз жұмыс істеген 187 алкоголь өнімін сатушы тексерілді. Тексеріс кезінде полицейлер 783 мың литрге жуық алкоголь өнімін тәркіледі, ал контрабандалық темекі өнімдерінің 2,7 млн қабы анықталды. 

Айта кетейік, мемлекеттік органдар шағын және микробизнесті тексеруге мораторий жариялағанына қарамастан, егер субъектінің қызметі халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірер болса, ШОБ-ты тексере алады. Бұған дейін заңсыз алкогольді сату нүктелерін анықтауда көптеген қиындық болған.

Сонымен қатар Қазақстанда заңды алкоголь өндірісі де артып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш екі есе өсті. Алайда тұтыну деңгейі өз орнында. Сарапшылардың пікірінше, бұл үрдіс арақ бизнесінің көлеңкеден шыға бастағанының белгісі. Акцизделетін өнімнің айналымын бақылаудың нәтижесі көріне бастады деген сөз. 2022 жылы бюджетке түсетін түсімнің өсу қарқыны 1,6 есеге ұлғайды. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарына қарағанда, қазына 757,3 млрд теңгеге толықты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 288,8 млрд теңгеге артық.

Сарапшылар «элиталық» арзан өнімді сатып алғандағы үнемді емес, оның салдары қандай боларын ойлау маңызды екенін ескертеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста