Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Президентке жоғарғы палатаның заң шығару қызметі туралы баяндалды, деп хабарлайды Алаш айнасы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
 
 
Сенаттың Парламенттегі қызметі басталғаннан бері 21 заң мақұлданып, қабылданған. 

Оның ішінде еңбек дауларын шешу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрлық активтер, сондай-ақ Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар қаралған. Мәулен Әшімбаевтың мәліметі бойынша қазіргі уақытта Сенатта Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген маңызды заң жобалары қаралып жатыр. Атап айтқанда, алдағы кезеңде 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауды, Әлеуметтік кодексті, сондай-ақ әкімшілік реформа, адам құқықтары және азаптаулардың алдын алу, мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты заң жобаларын қарастыру жоспарланып отыр. 

Президентке палатаның сот жүйесін реформалау және процессуалды заңнаманы жетілдіру жұмыстары туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Сенатта жұмыс тобы құрылған. Бұл топ 60-тан астам отырыс өткізіп, 350-ге жуық ұсыныс жинаған. Аталған жұмыстың нәтижесінде екі заң жобасы әзірленді. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Сенат жұмысындағы өңірлік күн тәртібін нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеяларын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда кешенді дамыту жөніндегі реформаларды одан әрі қолдауға бағытталған заңнамалық қызметті жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста