Гүлмира Сатыбалды ісі: жәбірленуші 713 млн теңге материалдық шығын өтеуді талап етті

Гүлмира Сатыбалды ісі: жәбірленуші 713 млн теңге материалдық шығын өтеуді талап етті

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша сотта жәбірленуші материалдық және моральдық шығын төлеуді талап етті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жәбірленуші Айгүл Мекешева өзіне 713 млн теңгеден аса сомаға материалдық зиян келтірілгенін айтып, осы соманы өндіруді сұрады.

713 809 780 теңге көлемінде материалдық шығын мен 50 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуді сұраймын, - деді Айгүл Мекешева.
Алайда жәбірленуші бұл соманы Гүлмира Сатыбалдының өзінен немесе іс бойынша сотталушы Мәди Батыршаев және Рашид Өтебековтен де өндіруді сұрап отырғанын нақтыламады.

Мекешеваның айтуынша, 2020 жылдың қыркүйегіндегі бағалау бойынша, «Galanz Bottlers» АҚ 100% акциясының құны 14 253 200 000 теңгені (бір акция құны – 153 теңге) құрайды.

Материалдық және моральдық шығынды өтеуді сұраймын. Ол жағдайды (адам ұрлау) мен ғана емес, балаларым да көрді. Олар да күйзеліске түсті. Балаларым әлі күнге дейін қорқып жүр, - деді жәбірленуші.
Айта кетейік, 14 наурызда прокурор іс бойынша айыптау актісін оқыды.

Айгүл Мекешеваның айтуынша, ол Гүлмира Сатыбалдымен 2013 жылы танысқан. Содан кейін Сатыбалдыға тиесілі компания «Baur Kazakhstan» АҚ-да жұмыс істеген.

Айыптау актісіне сәйкес, 2020 жылдың қыркүйегінде Сатыбалды Алагөзовке тиесілі акциялар пакетін заңсыз иемденген. Содан кейін Сатыбалды Мекешеваның меншігіндегі «Maxi Bottlers» үлесінің 75%-ын басқа сенімді тұлғаға қайта жазуды тапсырған. Алайда алдын ала уәде берген компания акцияларының 5%-ын Мекешеваға беруден бас тартқан.

Содан кейін Сатыбалды Мекешеваның өз еркімен акцияны жазып бермейтінін түсініп, оны ұрлау әрекетін ұйымдастырған. Мекешеваны ұрлап әкетуді жеке көмекшісі Батыршаевқа тапсырған. Ал Батыршаев бұл іске өзінің үш танысын тартқан.

Гүлмира Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 389-бабының 3 және 4 бөлігі (өзінше билік ету), 28-бабының 3-бөлігі 1 және 8 тармағы (адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады), 125-бабының 2-бөлігінде (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы және пайдакүнемдiк ниетпен адамды ұрлау) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылған.

Сотта Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындамады. 

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Бұған дейін сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста