«Есік» музей-қорығында ерекше «Музей түні» өтті

«Есік» музей-қорығында ерекше «Музей түні» өтті

2023 жылдың 23 маусымында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Музей түні» іс-шарасы өтті.

Шараның ашылуында сөйлеген сөзінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Райылқызы Мұхтарова:

« – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Түркістан қаласында өткен құрылтайдың екінші отырысында ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту, рухани даму, мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеу мен жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берді. Президент құрылтайдағы сөзінде тарихи мұраларымызды сақтап, насихаттауға қатысты өзекті мәселелер көтеріп, нақты тапсырмалар берді. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы тарихи-мәдени мұраларды сақтап, зерттеп, насихаттау жұмыстарын жүйелі жалғастыра беретін болады. «Музей түні» – осы бағыттағы тағылымды іс шараның бірі» – деп атап өтті.

 

 

 

Сонымнен қатар Гүлмира Райылқызы: «– «Есік» музей-қорығы биыл бұл атаулы іс-шараны тоғызыншы рет өткізуде. Осы аралықта біз өз аудиториямызды қалыптастырдық. Біздегі «Музей түні» Қазақстан музейлері дәстүрге айналдырған мамыр айында емес, маусымда ұйымдастырылуда. Бұл арқылы біз музейде өткізілетін осындай форматтағы шаралар белгілі бір мерзімге «байланып» қалмайтынын, бұл музейдің жылына бір рет  бір мезетте тарихқа, мәдениет пен музейге қызығатын үлкен аудиторияны жинауға және шақыруға мүмкіндігі бар екендігін көрсеткіміз келді. Бұл Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен ақпарат алуына мүмкіндік беретін іс-шара. Қазіргі заманғы «Музей түнінің» форматы әртүрлі жастағы аудиторияны қызықтыра алатын мүмкіндікке ие.» – деп іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

 

 

«Музей түні» алдымен жастар мен мектеп оқушыларына арналған квест ойынымен басталды. Бұл – жастардың тарихтың жұмбақ тұсын табуға жол ашатын тартымды танымдық ойын. Музей аумағында қазақтың ұлттық ойындары – садақ ату мен арқан тартудан жарыстар өтті. Сонымен қатар сақ өнерінің мың бояуы, гипстен жасалған түрлі мүсіншелерді бояуға және петроглифтердің көшірмесін жасауға арналған шығармашылық ойындар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, «Бозадыр адамы: антропологиялық реконструкция» көрмесінің, Алматы облысы Музейлер бірлестігі «Көшпенділер өркениеті: қазақ ат әбзелдері» көрмесінің ашылуы болса, «Ұста Дәркембай» қолөнер музейі «Атадан қалған мұра», ҚР Мәдениет қайраткері, суретші, мүсінші және этнодизайнер Қадыров Құрманғазының жеке туындыларынан тұратын  «Көне сарын» атты көрмелері көрермендер назарына ұсынылып, арнайы шеберлік сабақтарын көрсетті.

 

 

Байдаралы отбасы ерте көшпенділердің «Бес қару» жауынгерлік өнерін көпшілікке ұсынды.

Бұл түні қорық-музейге келушілер арнайы тақырыпқа сай деректі фильмдер мен бүлдіршіндерімізге арналған мультфильмдерді және Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер мәдениет үйінің өнерпаздарының концертін, Еңбекшіқазақ аудандық «Әжелер» ансамбілінің өнерін, әкелі-балалы бүркітшілер Алдаберген және Медет Шәліповтердің көрмесін тамашалады.

 

 

Алматы облысының балалар мен жасөспірімдер спорттық туризм және экскурсия орталығының білім алушыларының шеберлік сабақтары мен жаттығулары да көпшілік қауымның назарына ұсынылды.

«Музей түні» шарасы аясында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет саласы мен музей мамандарына арнайы Алғыс хат пен «Алын адам» кәдесыйы табысталды.

 

 «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста