Бейіт орнын қазуға таласты: Бауыржан Әлиұлымен қоштасу үшін жаназасына мыңдаған адам жиналды
Белгілі ұстаз, ғалым, ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы 39-қа қараған жасында өмірден өтті. Марқұммен қоштасуға елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам жиналды.
Уағыздарымен танылған ғалым 39 жасында бақиға аттанды. Қаралы хабарды естіген көпшілік марқұмның жаназасына асықты. Көпшілік ғалымның жақсы қасиеттерін айтып, қимай қоштасты.
Елдің түкпір-түкпірінен келген көпшілік марқұмның бейіт орнын қазуға таласты. Ғалымды ақтық сапарға мыңдаған адам шығарып салды.
Бауыржан Әлиұлының қазасы жайлы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті. Бас мүфти қаралы отбасыға көңіл айтып, сабырлық тіледі.
Желідегі көпшілік марқұмның отбасына, жақындарына қайырлы болсын айтып жатыр.
“Жәні Жәннәтта болсын”, “Қысқа өмір. Алла панасына алсын”, “Алла рақымына алсын”, “Жаны жәнәттә болсын ұстазымыздың”, “Иманы саламат болсын! Алла өз рамына алсын бауырымызды”, “Раббым бәрімізге осындай тақуа болуды нәсіп қыл”, “Аллам рахымыңа бөлей гөр”, “Өлім адамды жəне жасты таңдамайды”, “Қандай бақытты едің, ұстаз! АЛЛА сізді панасына алсын! Біз сізді ұстаздық міндетін толық атқарды деп куәлік етеміз! Көршіңіз ардақты да асыл адамзаттың абзалы екі дүниенің тәжі болған МҰХАММЕД (с.ғ.с) болсын! Жаныңыз жәннәтта тәніңіз рахатта болсын!”, – деп жазды желідегілер.
Бауыржан Әлиұлы 1982 жылы 12 қарашада дүниеге келген. Марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалды.