Астанада баспасөз хатшыларына арналған семинар өтті
Бұл туралы қазақстандық қоғамдық даму институтының баспасөз қызметі хабарлады.
Шараның ұйымдастырушылары — ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР президентінің баспасөз қызметі, қазақстандық қоғамдық даму институтының MediaLab орталығы және M.NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY.
Семинар мақсаты – мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыру және кәсіби машықтарын дамыту.
Екі күндік семинарда белгілі медиа және коммуникация мамандары баспасөз қызметін жетілдіру, қоғам мен мемлекеттік органдар арасында байланыс орнату, пресс-стратегия құру және мәтінмен жұмыс істеу, имидж қалыптастыру секілді салалар бойынша тренингтер мен мастер-класстар өткізді.
Жиынның ашылу салтанатына ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, «M.NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY» АҚ басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қатысты
Бұл туралы қазақстандық қоғамдық даму институтының баспасөз қызметі хабарлады.
Шараның ұйымдастырушылары — ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР президентінің баспасөз қызметі, қазақстандық қоғамдық даму институтының MediaLab орталығы және M.NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY.
Семинар мақсаты – мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыру және кәсіби машықтарын дамыту.
Екі күндік семинарда белгілі медиа және коммуникация мамандары баспасөз қызметін жетілдіру, қоғам мен мемлекеттік органдар арасында байланыс орнату, пресс-стратегия құру және мәтінмен жұмыс істеу, имидж қалыптастыру секілді салалар бойынша тренингтер мен мастер-класстар өткізді.
Жиынның ашылу салтанатына ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, «M.NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY» АҚ басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қатысты.
Ашылу салтанатынан кейін ҚР сыртқы істер министрлігінің экс-ресми өкілі Жанболат Үсенов, сонымен қатар медиа және коммуникация саласының мамандары Дана Саудегерова, Алма Сайлауқызы, Ақсұлу Санғали, Яков Федоров имидж қалыптастыру, әлеуметтік желілер арқылы қоғаммен байланыс орнату, кризистік коммуникация мен медиа менеджмент сынды тақырыптар аясында тренинг өткізіп, осы саладағы озық тәжірибелерімен бөлісті.
Ал семинардың екінші күні коуч, PR және кризис-менеджер Асқар Өтепқалиев, эмоционалды интеллект бойынша эксперт Әсел Мұратова, медиатренер, редактор Назгүл Қожабек және «Астана» халықаралық қаржы орталығының коммуникация бойынша басқарушы директоры Елена Пактың шеберлік сағаттарымен жалғасты.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтып, сертификат табыстады.