Алматыда 8 наурызда әйелдер митингі өтетін болды

Алматыда 8 наурызда әйелдер митингі өтетін болды

Алматы әкімдігі феминистерге 8 наурызда митинг өткізуге рұқсат берді, бірақ олар марш та ұйымдастырғысы келеді. Бұл туралы құқық қорғаушы, SVET қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі Мөлдір Албан айтты.

Мөлдір Албан 20 ақпанда Алматы әкімдігіне 8 наурыздағы әйелдер митингін өткізуге рұқсат беруді сұрап, өтініш жазған. Кеше, 21 ақпанда әкімдік бұл өтінішті қарап, бейбіт жиынды өткізуге келісті. Митинг 8 наурызда сағат 15:00-ден 17:15-ке дейін Махатма Ганди саябағында өтетін болды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес, М.Б.Жұмабаеваның 2023 жылғы 20 ақпандағы хабарламасын қарап, Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді: 1. М.Б.Жұмабаеваға 2023 жылғы 8 наурызда сағат 15:00-ден 17:15-ке дейін «Махатма Ганди» атындағы саябақта митинг өткізу келісілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласының орынбасары А.О.Қырықбаевқа жүктелсін, — делінген Алматы әкімінің 2023 жылғы 21 ақпандағы қаулысында.
Дегенмен феминистер әуеліде митинг өткізу үшін кеңірек орынды — Шоқан Уәлиханов атындағы скверді сұраған. Ал әкімдік «Сарыарқа» кинотеатры артындағы сквер мен Махатма Ганди саябағын ұсынған, ұйымдастырушылар жағдайды саралай келе кейінгісін таңдаған.

Феминистер митингімен бірге шеру өткізуге де өтініш берген. Мөлдір Албанның сөзіне қарағанда, қазір әкімдік бұл өтінішті қарастырып жатыр, бес жұмыс күні ішінде жауабын беруге тиіс. Енді белсенділер рұқсат етілген пикет ұйымдастырып, 8 наурыздағы әйелдер маршын өткізу құқығын көтермекші. Белсенділер Жәмила Қасымхан мен Мөлдір Албан 23 ақпанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін Алматыдағы Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры жанында пикет өткізеді.

Біз камера қойып, белсенділер мен олардың плакаттарына адамдардың реакциясын түсіреміз. Ал сіз плакатсыз келіп, ойыңызды айтып, белсенділермен фотоға түсіп немесе сөйлесіп қайтуыңызға болады, — деп хабарлады белсенділер.
Феминистер сонымен бірге жақын күндері митинг өткізуге қаражат жинауды бастайтынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін феминистер әкімдікке 8 наурызда шеру ұйымдастыруға өтініш берген. Алайда Алматы әкімдігі қалада бейбіт жиын өткізуге арнайы белгіленген төрт орын да сол күні бос болмайтынын айтып, рұқсат бермеген. Кейін бұл орынның бәріне әкімдіктен тапсырыс алатын «Еріктілер лигасы» күні бойы шара өткізетіні белгілі болды. Дегенмен феминистер жергілікті билік бұл ұйымға рұқсатты «біз өтініш бергеннен кейін берді» деп мәлімдеді.

Ал 2023 жылғы 5 ақпанда феминистер Алматыдағы Махатма Ганди саябығында бас қосып, әкімдіктің шешіміне қарсы митинг өткізді. Олар мемлекет азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығын шектемеуге, бұл үшін арнайы орындарды белгілемеуге, керісінше, ұйымдастырушыларға көмектесіп, кедергі жасамауға тиіс екенін айтты.

9 ақпанда Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездескенде әйелдер маршын ұйымдастыру комитетінің қатысушылары Фариза Оспан мен Любовь Воронцова «Марш пен митинг өткізуге рұқсат бересіз бе?» деп сұраған. Алматы әкімі бұл сұраққа «8 наурыз — әйелдерге ғана емес, ерлерге де үлкен мейрам. Біз жіберген құжаттарыңызды қарастырамыз. Сіздер шеруге де, митингіге де өтініш беріп отырсыздар. Шеру туралы айта алмаймын, қайсына рұқсат беріп, қайсына бермейтінімізді көреміз» деп жауап берген.

20 ақпанда феминистер маршқа рұқсат бермеген әкімдіктің үстінен сотқа шағымданды. Сот бұл шағымды қабылдаған, алайда оның қаралуына бірнеше апта кетуі мүмкін.

Жуырда SVET қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі Мөлдір Албан Baribar.kz порталына 8 наурыздағы марш пен митингінің маңызы туралы сұхбат берді. Ол бұл дәл осы жиынды әкімдіктен тапсырыс алатын ұйымдар емес, әйелдер құқығын көтеріп жүрген феминистер өткізуі керек екенін айтты.

baribar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста