8 Қыркүйек
Қыркүйектің 8-і
Алаштың атаулы күні
• Бес жыл бұрын (2007) Қобда ауданының Жиренқопа ауылында Қобыланды батырдың мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды.
• Журналистердің халықаралық ынтымақ күні (1958). Бұл – чех журналисі Юлиус Фучикті гитлершілердің Берлин түрмесі – Плетцензеде айуандықпен өлтірген күні. Осы журналисті еске алу мақсатында Халықаралық журналистер ұйымының Бухаресте өткен IV конгресінің шешімі бойынша атап өтіледі.
• Халықаралық сауаттандыру күні.
Туған күн иелері
Мұрат Қалматаев (1936) – әскери және саяси қайраткер, отставкадағы генерал-майор, журналист, Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері;
Хисмет Табылдиев (1936) – тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі;
Ерік Мусин (1950) – медицина ғылымының докторы;
Раушан Сатова (1950) – экономика ғылымының докторы, профессор;
Сергей Кулагин (1952) – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;
Сапарбай Парманқұлов (1956) – «Дала мен қала» газетінің бас редакторы, белгілі журналист, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері;
Асқар Нұрғазиев (1956) – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары;
Серік Нөгербеков (1962) – ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;
Мұрат Құдышев (1963) – Алматы қаласы әкімінің орынбасары;
Азат Перуашев (1967) – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Дәурен Дияров (1970) – «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ басқарма төрағасы;
Айдын Қаба (1980) – «Алаш айнасы» газетінің жауапты хатшысы.
Қыркүйектің 9-ы
Алаштың атаулы күні
• Жеті жыл бұрын (2005) Алматыда «Қауымдасқан қазақтың Қалдарбегі» атты естелік кітабы жарық көрді.
Алты жыл бұрын (2006) Астанада Қазақстанның алғашқы Ұлттық жастар дельфий ойындары ашылды.
• Әсемдіктің бүкілдүниежүзілік күні.
Туған күн иелері
Әкім (Әшімов) Тарази (1933) – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Дүкенбай Досжан (1942) – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Жеңіс Сейітпағамбетов (1945) – техника ғылымының докторы;
Сіләм Әбсәметов (1947) – заң ғылымының докторы, профессор, генерал-майор;
Гүлжан Қарақұсова (1950) – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымының докторы, профессор;
Сәулебек Күнғожинов (1952) – полиция генерал-майоры;
Қанатбек Мұқанов (1966) – Қазақ ұлттық техникалық университетінің проректоры, медицина ғылымының докторы, профессор;
Жолдасбек Нүсенов (1966) – Халықаралық бизнес академиясының бірінші проректоры, полковник;
Ерлан Төрәлиев (1977) – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
Қыркүйектің 10-ы
Алаштың атаулы күні
• 1894 жылы Алаш қайраткері Сұлтанбек Қожанов дүниеге келді.
• 107 жыл бұрын (1905-1986) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ағарту ісінің үздік қызметкері Әуелбек Қоңыратбаев дүниеге келді.
• 1919 жылы Қазақ революциялық комитеті мен Орынбор губерниялық комитетімен біріккен отырысының нәтижесінде Орынбор губерниясын Қазақстан құрамына кіргізу туралы шешім қабылданды.
• 87 жыл бұрын (1925) сол кездегі Қазақстан астанасы (1925-1929) Қызылордада қазақтың бірінші ұлттық театры құрылды.
• 20 жыл бұрын (1992) Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Көктерек кеңшарында қазақ халқының батыр ұлы, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш ашылды.
• Өзін-өзі өлтірудің алдын алудың бүкіләлемдік күні (ДДҰ).
Туған күн иелері
Амангелді Айталы (1939) – «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының тең төрағасы, философия ғылымының докторы, профессор, академик, «Парасат» орденінің иегері;
Ақылбек Ахметов (1948) – педагогика ғылымының докторы, профессор, академик;
Ерлік Жанділдин (1964) – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі;
Тимур Құлыбаев (1966) – Бокс федерациясының төрағасы, «Газпром» РАҚ-ы директорлар кеңесінің мүшесі, экономика ғылымының кандидаты;
Айдос Сарым (1975) – «Алтынбек Сәрсенбаев қорының» директоры.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»