6 Сәуір
Сәуірдің 6-сы
Алаштың атаулы күні
• Ислам философиясының негізін қалаушы Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фарабидің (870-950) туғанына – 1142 жыл.
• 116 жыл бұрын (1896) сәуірдің 6-сы мен 15-і аралығында Афинада қазіргі Олимпиада ойындары тұңғыш рет өтті.
Туған күн иелері
Аманжол Жазин (1943) – қоғам және мемлекет қайраткері;
Әнуарбек Мұхтарханов (1955) – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі;
Абат Ақмурзин (1958) – KEGOC АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
Досжан Әміров (1962) – Маңғыстау облыстық сотының төрағасы;
Сырым Рысқалиев (1966) – Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы;
Дархан Нұрпейісов (1974) – Алматы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің төрағасы;
Сәлім Ғалиев (1980) – ҚР Парламенті телестудиясы меңгерушісінің орынбасары.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
АБАТ – парсы сөзінен шыққан ныспы. «Абад» сөзінің аудармасы «гүлденген, жайқалған, жайлы» деген мағынаны білдіреді. Бұл есім жаңа туған сәбиге ғұмыры тек жақсылыққа толы болсын, жас құрақтай жайқалып өссін деген ниетпен қойылса керек.