3 Сәуір
Сәуірдің 3-і
Алаштың атаулы күні
• Геолог күні.
Туған күн иелері
Балтабек Досмұратұлы (1941) – жазушы;
Бекділдә Алдамжаров (1946) – ақын, жазушы, аудармашы, сыншы;
Тілеуқабақ Құсайынов (1954) – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы – Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі;
Серік Еркімбеков (1958) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
Амангелді Нұғманов (1967) – Павлодар облысы Кедендік бақылау департаментінің бастығы, полковник;
Мүсілім Оңдағанов (1967) – Қазақстан самбо федерациясының президенті, Батыс Қазақстан облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы;
Арманбек Баймурзин (1974) – полиция подполковнигі;
Жомарт Нүркенов (1974) – Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы;
Мәди Елеусізов (1976) – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
МҮСІЛІМ – араби ныспы. Қазақы аудармадағы мағынасы «салауатты, таза» дегенді білдіреді. Бұл ныспыны иемденген балалар өнерге, шығармашылыққа бейім келеді. Қазақ жаңа туған сәбиге «Құдайды хақ деп таныған таза да салауатты мүміндердің қатарынан көрінсін» деген ниетпен қояды. Мүсілім есімділер дос таңдауға келгенде өте кірпияз.