Жезқазғанда мемлекеттік мекеменің экс-басшысы 288 млн теңгенің мүлкін ұрлаған
Жезқазғанда мемлекеттік мекеменің экс-басшысы 288 млн теңгенің мүлкін ұрлаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомствоның Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласында 13 мың метрден астам құбырдың ұрлығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.
Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысының бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды. Ұрлық фактісін әшкерелеу кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған. Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған, – делінген ҚМА хабарламасында.
Айта кетсек, қазір аталған азамат коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz