Жетісуда жас жігіт досының 12 жастағы қарындасына азғындық жасаған
![Жетісуда жас жігіт досының 12 жастағы қарындасына азғындық жасаған](/image/stub.png)
Жетісу облысында 23 жастағы ер адам досының қарындасын бірнеше рет зорлау әрекетін жасаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Алакөл ауданының Достық станциясында болған. Ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
"Менің ағамның досы үш-төрт ай бойы 6-сынып оқушысы кішкентай қызға зорлау әрекетін жасады. Біз бұл туралы кеше ғана білдік. Қыз ата - анасының Алматыға кететінін біліп, оқиға қайталанады деп қорқып, бұл туралы анасына айтқан", - деп жазады пост авторы.
Қыздың анасы құқық қорғау органдарына шағымданған. Аймақтық полиция аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-1-тармағында көзделген "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Іс материалдарында күдікті ретінде Достық станциясының 23 жастағы тұрғыны ұсталып, айғақтар беру үшін Алакөл аудандық полициясына жеткізілді.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)