Үйге келген қонақ 8 жасар қызды зорламақ болған
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылында кішкентай қыз үйіне қонаққа келген ер кісінің оны зорламақ болғанын әкесіне айтады. Салдарынан екі азаматтың арасында жанжал туындап, бірі пышақ жарақатын алады.
Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Олег есімді азамат өзінің 8 жастағы қызын зорламақ болған деген оймен танысы Генрихпен жанжалдасып қалады. “Мені қаңыраған үйге алып барып, зорламақ болды деп” Генрихті айыптаған жеткіншектің сөзіне сенсек, ер кісінің ойы белгісіз себептермен жүзеге аспай қалған.
Қыз баланың айтуынша, Генрих бұл жайтты құпия сақтауы үшін оған ақша ұсынған. Алайда кішкентайдың сөзіне ешқандай дәлел табылмағасын, екеуі сол жерде тыныш тарқасады.
Кейін таныс кәсіпкердің үйінде қайта жүздесіп қалған екеуі сол жерде жанжалды жалғастыруға кіріседі. Кәсіпкер азаматтарға мәселелерін сыртта шешуге бұйырғасын, Олег Генрихті қораға алып барып, жағасынан ұстайды.
Мойнынан жібермей ұстап алған Олегке Генрих пышақ жарақатын салып үлгереді. Олег ішек құрылысының жарақатымен ауруханаға түсіп, ота жасатты. Ал Генрихке Жарма ауданының соты ортақ режимдегі колонияда 3 жылға қамау жазасын тағайындады.
Қыз баланың айтқаны қаншалықты рас болғаны сол күйі анықталмады.