ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов және Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтарына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексерілуде», - деп мәлім етті Антикор.
Еске салайық, қамауға алынғандар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деген күдікке ілінді.
Пара сомасы 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейінгі аралықты құрайды.
Бұдан басқа, ТЖМ Өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша ТЖД басшыларының біріне қамқоршылық жасаған.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz