Түркістанда тұрғындарға қайтарымсыз субсидия алуға уәде берген алаяқ ұсталды

Түркістанда тұрғындарға қайтарымсыз субсидия алуға уәде берген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласының полиция басқармасына алаяқтық қылмысының құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші хабарламасында өзіне жақын таныс емес әйел миллион теңгеден астам қайтарымсыз субсидия алуға көмек ұсынғанын жеткізді. Жалған уәдеге сенген қала тұрғыны алаяққа 150 мың теңге ақшасын берген, алайда үміті ақталмаған.

Түркістандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде Сауран ауданының тұрғынын анықтады. Жас әйелдің алаяқтықтың тағы бір дерегіне қатысы бары белгілі болды. Яғни, кезекті тұрғынның сеніміне ие болған алаяқ 3 миллион теңге көлемінде субсидия рәсімдеймін деп жәбірленушіден 200 мың теңге талап еткен. Алаяқтық арқылы алынған ақшаны ол өз қажеттілігіне жұмсаған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабында (Алаяқтық) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні тергеу күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста