Тұрғындарды алдап кеткен құрылтайшылар 6 жылға сотталды

Тұрғындарды алдап кеткен құрылтайшылар 6 жылға сотталды

Атырауда салымшылардан ақша жинап, сан соқтырған кооператив құрылтайшылары жаза арқалады. Кінәлілер 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
 
 
«Ақмаржан» және «Жібек Жолы» тұрғын-үй кооперативтері баспана құрылысын 2020 жылы бастаған. Үлескерлер су жаңа пәтерге 2 жылдан кейін қоныстанулары керек еді. Алайда жұрттың бар жиғанын жинап алғандар көп ұзамай жұмысты тоқтатып, орта жолда қалыпты. Бұған наразы болған тұрғындар бірнеше мәрте бас көтеріп, алаяқтар жазалансын деген талап қойған еді. Құрылтайшылардың бірі уақытша қамауға алынып, бостандыққа жіберілгенде де облыстық сот алдына жиналып, өз талаптарын тізді. Өткен сот отырысында судья екі азаматқа үкім шығарды. Енді олар 6 жыл жаза өтейді. Сондай-ақ, 5 жыл лауазымды, жауапты қызметтерді атқара алмайды.

Сот үкімімен сотталушыларға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 5 жыл мерзімге материалды жауапты лауазымды атқару құқығынан айырылсын. Сот жаза тағайындау барысында екі азаматтың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде, олардың асырауында балаларының бар екенін ескерді. Жазаны ауырлататын жайлар анықталған жоқ, - деді Атырау қалалық Атырау қаласының №2 сотының судьясы Ташимов Жұмағали.
Кооператив иелері 271 азаматтан 2 млрд теңгеге жуық ақша жинап алған. Енді ол қаржыны да қайтаруға міндеттелді.

Ақшаны ішінара қайтарады дейді. Демек оны бөліп береді. Ол ақша жиналмайды ғой. Маған100 пайызы толық керек. Әрине сотталғанына ризамын.Бірақ қанша адамды алдағаны үшін 6 жыл деген өте аз. Ең бастысы ақшамызды қайтарып беруі керек. Біз енді азаматтық сотқа шағымданамыз, - деді үлескер Жұмағалиева.
Бас бостандығынан айырылған азаматтар бастаған тұрғын-үйдің ендігі болашағы белгісіз. Бұған дейін шу шығарған бұқара базынасына, Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Ерлан Қабдинов баспананы инвесторлар көмегімен аяқтауға болатынын айтқан еді. Алайда сот шешімін күтуге мәжбүр екендерін жеткізді. Енді әкімдіктегілер тиісті мердігерді құрылтайшылардың өздері табуға міндетті дейді.

Сот қаулысы шыққаннан кейін құрылтайшылар өз тараптарынан мердігер мекеме іздейді. Инвесторды да өздері табады. Үй бұзылмайды. Үйдің қазіргі жағдайын анықтау үшін техникалық жағынан сенімділігі мен орнықтылығы жөнінде акредиттелген мекемелерге техникалық қадағалау жасалады. Оны да құрылтайшылар өздері жасатады. Жеке мекеме болғасын оларға қаражат төлеу керек болады. Баспананы өздері аяқтайды. Ал біздің тараптан техникалық қадағалау жасайтын бірыңғай портал бар, сол жағынан ғана мәліметтер алып бере аламыз, тұрғындарға көмек ретінде. Ал өзге жұмыстарға заң жүзінде араласа алмаймыз. Бұрынғы басшы Ерлан Қабдинов неге инвестор қаржысына аяқтауға болады деп айтқанын білмеймін, - дейді Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Рустем Макибаев.
Айта кетейік, қазір тұрғын-үйдің 30-40 пайызы ғана аяқталып тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста